«Инфектология, медициналық паразитология, эпидемиология және микробиология дамуының заманауи үрдістері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылдың 4-5 сәуірінде Ташкент медицина академиясының Ургенч филиалында «Инфектология, медициналық паразитология, эпидемиология және микробиология дамуының заманауи үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор Г.Н. Абуова және кафедра доценті, PhD Ф.А. Бердалиева конференция барысында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары өз жетістіктерімен бөлісті. Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері Абуова Г. Н. және Бердалиева Ф.А. "Covid-19 дәуіріндегі КҚГҚ клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері", "Балалардағы КҚГҚ қазіргі заманғы дифференциалды-диагностикалық ерекшеліктері" тақырыптарында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша орындалатын ғылыми-техникалық жобаның нәтижелерін айтты. ЖОО-ның зияткерлік әлеуетін дамытудағы елеулі еңбегі үшін Г.Н. Абуова Ташкент медицина академиясының Ургенч филиалының құрметті профессоры атағына ие болды.

20.04.2023, 16:11
411 қаралым