Инфекциялық аурулар бойынша Мәскеу қаласындағы XVI Халықаралық Конгресс

2024 жылы наурыздың 25 және 27 күндер аралығында инфекциялық аурулар бойынша Мәскеу қаласында XVI Халықаралық Конгресс өтіп, жұмыс барысына жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы меңгерушісі Абуова Гүльжан Наркеновна, кафедра доценты Бердалиева Фарида Абдуллаевна және резидентураның 1 курс студенті Бектан Бекжан қатысты. Конгрессте қазіргі кездегі әлемдегі ең өзекті тақырыптар көтерілген болатын, мәселен Ресейдің, Орталық Азияның жұқпалы аурулары, диагностикасы бойынша сұрақтар, оларды емдеу жолдары мен алдын алу шаралары, елдердегі заманауи қатерлер мен эпидемияға қарсы тұра алуы талқыланды. Кафедра мүшелері Қазақстандағы өзекті зооноздық инфекциялар, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, жүкті әйелдер арасындағы қызылша ауруларына байланысты баяндама жасады. Жас ғалымдар сайысына 6 елден қатысқан 50 қатысушылар арасынан резидент инфекционист Бектан Бекжан 3 орын алып, Дипломмен марапатталды.
Осындай деңгейдегі Конгресстерге қатысу халықаралық байланыстарды, ғылыми жобаларды беделді журналдардарда жариялауды, бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді.

03.04.2024, 10:22
238 қаралым