Игі істің басына – жақсы келер қасына
ОҚМА №1 жатақханасында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы және академия кафедра оқытушылары мен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауызашар берілді.
Ауызашар алдында жатақхана акт залында Шымкент қаласы Дін басқармасының қызметкерлерінің студенттермен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы» бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Рамазан айындағы игі іске академия қызметкерлері ерікті түрде қаражат жинап, 150 адамға дастархан жайып, дәмді палау тағамын таратты.
Пайғамбарымыз: «Кімде кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі»,-деген.
Жатақхана студенттері игі іске ат салысқан жандарға үлкен алғыстарын білдірді. Мейірім жетіспейтін заманда жақсылыққа толы, сауапты істеріміз көп болғай!