И.К.Ахунбаев атындағы Қырғызстан мемлекеттік медицина академиясы Aк-Булун базасында «Фармакогнозия» пәнінен өткен өндірістік практикасы

05.06.2023ж.-16.06.2023ж. аралығында АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» мен «И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Оқу-спорттық сауықтыру кешені Aк-Булун базасында «Фармакогнозия» өндірістік практикасын өттік.


1. Әскербек Аяжан Бахтиярқызы В-ФҚА-01-20
2. Көбей Балжан Ергенбекқызы В-ФҚА-01-20
3. Манап Айдана Берікқызы В-ФҚА-01-20
4. Богдан Арайлым Болатқызы В-ФҚБ-01-20
5. Серікбай Мерей Дарханқызы В-ФҚБ-01-20
6. Ергелді Ерсұлтан Асқарұлы В-ФҚБ-01-20
7. Мухан Томирис Жалилқызы В-ФҚА-02-20
8. Мейрбекова Аружан Серикқызы В-ФҚБ-01-20
9. Тулеген Әсем Құрбантайқызы В-ФҚА-02-20
10. Мирзахматов Даврон Хасанович В-ФҚБ-02-20


ОҚМА студенттері фармакогнозия кафедрасының аға оқытушысы Ибрагимова Зауре Ергараевна, «Қырғыз Мемлекеттік медицина академисының» «Фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы» кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.к., доцент Мұраталиева А.Д., оқытушысы Наматбаева А.Р. жетекшілігінде болды.
Екі жақтың кездесуі өтіп, оны ғылыми және медициналық жұмыстар жөніндегі проректор Маматов Н.Н., халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Юсупова Т.Б., тәжірибе бөлімінің маманы Сұлтаналиева В.Т., кафедра меңгерушісі Мұраталиева А.Д., мұғалімі Эрмекова Д.У. мен кездесу ұйымдастырылды. Одан әрі тараптар тәжірибе және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. ОҚМА студенттері ҚММА пластинация музейіне және Қырғызстан Республикасы Ұлттық тарихи мұражайларына экскурсия жасады.
Өндірістік практиканың мақсаты: Жабайы және мәдени өсірілетін дәрілік өсімдіктер туралы теориялық білімдерді бекіту мен тереңдету, дәрілік өсімдіктерден алынған өнімді қолдану және олардың ресурстарын қорғауды негіздей отырып, дәрілік өсімдік шикізатын дайындау, оны сақтау және өңдеу мәселелері жөнінде білімді қалыптастыру және практикалық дағдыларды жетілдіру.

Академия өзінің қызмет еткен жылдары фармацевтикалық білім беру ғана емес, ғылым орталығына айналды. Қазіргі уақытта академияда фармацевтикалық білім берудің жаңа тұжырымдамасын кезең-кезеңмен іске асырумен қатар Қырғызстан Республикасының дәрілік саясатының өзекті мәселелері бойынша мақсатты зерттеулер жүргізілуде. Негізгі жұмыс бағыты дәрілік заттардың сапасын бақылау, оларды стандарттау, спецификалық фармакологиялық қасиеттерін зерттеу, клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу, Қырғызстан аумағында дәрілік заттарды тіркеу үшін нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу болып табылатын жаңа заманауи жабдықтармен жарақтандырылған дәрілік препараттарды стандарттау жөніндегі ғылыми орталық ұйымдастырылды.


Кырчын және Жети-Өгүз шатқалындағы дәрілік өсімдіктерді жинау барысы

Өндірістік практиканың соңында келесі практикалық дағдыларды игерілді:
• Морфологиялық белгілеріне қарай ДӨ және ДӨШ анықтауды
• ДӨШ мүмкін болатын қоспаларды анықтауды.
• Әртүрлі тіршілік формасындағы өсімдіктерді (ағаш, бұталар, шөптесін өсімдіктер) гербарийлеуді.
• Әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік шикізаттарын жинауды.
• Өсімдік шикізатын біріншілік өңдеуді, кептіруді және таңбалауды жүргізе.
• Дәрілік өсімдік шикізатқа фармакогностикалық талдау жүргізуді.
• Дәрілік өсімдік шикізатты дұрыс сақтауды білу.
• Дәрілік өсімдік шикізатты қаптамалауды, таңбалауды, тасымалдауды жүргізуді.

Ак-Булун базасында өткен конкурс:
ОҚМА және ҚММА студенттерінің арасында конкурс ұйымдастырылды. Студенттер топтарға бөлініп, 3 этаптан тұратын жарыстар өткізілді:
1. Музыкалық.
2. Спорттық .
3. Дәрілік өсімдіктерді анықтау.

ОҚМА студенттері өндірістік практиканы ойдағыдай аяқтап, сонымен қатар ұйымдастырылған жарыстарға белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.

Осы тәжірибені ұйымдастырған ОҚМА ректоры – медицина ғылымдарының докторы, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашевичке, фармация факультеті деканатына, фармакогнозия кафедрасының менгерушісі, фарм.ғ.к., проф.м.а. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевнаға, ҚММА ректоры медицина ғылымдарының докторы, профессор Кудайбергенова Индира Орозобаевнаға, «Фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына өз алғысымызды білдіреміз.

29.06.2023, 16:58
818 қаралым