И.К.АХУНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚАСҚАСУДА ӨТКІЗГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ БАРЫСЫ

2023 жылдың 5 маусым мен 16 маусым аралығында «Фармакогнозия» пәні бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері мен практиканың жетекшісі Перизат Токторбекқызы Уралиевамен бірге Төлебий ауданының Керегетас ауылының Қасқасу ауыл округында орналасқан «Дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және қайта өңдеу» бойынша оқу-кәсіптік базасында тәжірибеден өтті.

Іс-тәжірибені бастамас бұрын студенттер далалық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерімен танысты. Білім алушылар күн сайын тапсырмалар алып, жұмыс әдістемесін оқып, іс-тәжірибе күнделіктерін толтырды.

Қырғызстаннан келген қонақтар жергілікті флораның дәрілік өсімдіктерімен танысты, сонымен қатар бірлесіп жиналған дәрілік өсімдіктерді жинауды, кептіруді және гербаризациялауды жүзеге асырды. Шикізат ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, шөпті, ағашты және бұталы өсімдіктер мысалында осы аймақтың жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдістері қолданылды. Білім алушылар Қазақстанның табиғи өсімдік ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жағдайларын ескере отырып, жұмыс атқарды.

ҚММА білім алушылары дифференциальды сынақ тапсыра отырып, теориялық және практикалық дағдыларын іс жүзінде көрсетті.

И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының студенттері аймақтың бай флорасына тәнті болып, ОҚМА фармакогнозия кафедрасының жетекшілеріне және академия басшылығына алғыстарын білдірді.

27.06.2023, 10:25
647 қаралым