«Хирургия, онкология және травматология» кафедрасында стандартталған пациенты қолдану әдісімен жүргізілген ашық сабақ
2023 жылғы 24 қазан сағат 11:00-де, ОҚМА-да,тажрібелік дағдылар орталығында(ТДО) «Хирургия, онкология жәнетравматология» кафедрасының ассистенті М.Т.Дүйсебеков «Жіліншік сүйектерінің ашық сынуы кезінде медициналық көмек көрсету» тақырыбында стандартталған пациенттің (СП) әдістемесін пайдалана отырып, ЖМҚА 05-20, ЖМҚА 06-20 топ студенттердің қатысуымен ашық сабақ өткізді.
Сабаққа «Хирургия, онкология және травматология»кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторі, проф.Абдурахманов Б.А., ТДО бастығы Калменов Н.Ж., әдістемелік бөлім меңгерушісі Рашева Б.М., ТДО нұсқаушы дәрігерлері Омарова Г.С., Сейтбекова А.А., доц. Есмембетов И.И., асс. Юсупов А.М., асс. Усманов М.А., асс. Абдраманова А.К. және ЖМКБ 05-20, ЖМКБ 06-20 топтарының студенттері қатысты. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф.Б.А.Абдурахманов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасында жіліншік сүйектерінің ашық сынуы проблемасының өзектілігін атап өтті.СП көмегімен клиникалық тапсырмаларды орындау оқу бағдарламасына енгізілген,және медициналық көмек көрсетуді модельдеу,және практикалық дағдыларды көрсету түрінде өтеді.Сабақ тақырыбының көлемінде студенттер жіліншік сүйектерінің ашық сынуы кезінде медициналық көмек көрсету бойынша келесі іс-қимыл алгоритмін кезең-кезеңімен орындады: 1) жол-транспорт апаты салдарынан зардап шеккен адамға, бірінші өтіп бара жатқан адамдардың алғашқы көмек көрсетуі, қан кету кезінде жгут қолдану; 2) жедел медициналық көмек қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетуі; 3) жедел медициналық көмек бригадасынан қабылдау бөлмесінің дәрігерлері пациентті қабылдауы; 4) ультрадыбыстық зерттеуші дәрігердің пациентті тексеруі; 5) фибуланың сынуын хирургиялық емдеуды имитациялау (жараны алғашқы хирургиялық емдеу, репозиция) 6) алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде пациентке гипс лонгетасын қолдану.Сабақтың мақсаты СП қарым-қатынасы шеңберінде науқастың жіліншік сүйектерінің ашық сынуы кезінде білімалушылардың іс-қимыл алгоритмін түсіндіру және меңгеруболды.СП-ны білім беру процесіне енгізу білім алушыларға асқыну жағдайларын қоса алғанда, жіліншік сүйектерінің сынуы хаттамасы бойынша диагностика мен емдеуді, жарақаталған кезде қажетті құжаттарды толтыруды (жіліншік сүйектерінің сынуы) (анықтамажәне т.б.) үйренуге мүмкіндік береді.
Осы сабақтың көлемінде СП-мен өзара әрекеттесу дағдыларды игеруге мүмкіндік береді: аяқтың жарақаттарына алғашқы көмек көрсету, гипс таңу және гипс қолдану, асептика күйін сақтау және қолды дұрыс жуу (ашық сынық), құжаттарды толтыру ережелері (хабарламалар, ауру тарихы), гипсті алу ережелері және сынықтарға алғашқы хирургиялық араласу.Сабақ соңында кафедра меңгерушісі,проф.Абдурахманов Б.А., ТДО бастығы Калменов Н.Ж., әдістемелі бөліммеңгерушісі Б.М. Рашева, ТДО нұсқаушы дәрігерлері Г.С.Омарова, А.А. Сейтбекова, кафедраның барлыққызметкерлері өзпікірлерімен бөлісіп, өткізілген ашық сабаққа баға берді. Қатысушылардың барлығы ашық сабақты ұйымдастыруда дайындықтың жоғары әдістемелык деңгейін және СП қолдану арқылы клиникалық сценарийлерді жүргізуде коммуникативтік және практикалық дағдыларды көрсетудің тамаша деңгейін атап өтті.
СП-ны білім беру процессіне енгізу нақты пациенттерге зиян келтіру қаупісіз, олардың ауыртпалықсыз қайталануымен,және білімалушылардың қажеттіліктеріне бейімделуімен жіліншік сүйектерінің ашық сынықтарын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық сценарийлерді пайдалану арқылы оқытудың нақты нәтижелерін жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдістеме сонымен қатар білімалушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді,және қазіргі заманғы медициналық білім берудің маңызды міндеті болып табылатын оқу-әдістемелік процесті оңтайландыруға мүмкіндік береді.