"ХХІ ғасырдағы педиатрия және фармация: мәселелер және олардың шешімдері" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2022 жылғы 18-19 қарашада ОҚМА бірінші проректоры, профессор М. М. Есиркепов бастаған ОҚМА профессорлық-оқытушылық құрамының тобы "ХХІ ғасырдағы педиатрия және фармация: мәселелер және олардың шешімдері" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына белсенді қатысты.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Беларусь, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан және басқа елдердің фармация және педиатрия саласындағы танымал мамандары, сондай-ақ Өзбекстанның медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Халықаралық конференцияның салтанатты ашылуында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Жасур Ризаев, Ташкент медициналық педиатриялық институтының ректоры Ботир Даминов, В.И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университетінің (РФ) ректоры Андрей Еремин, Курск мемлекеттік медицина университетінің (РФ) ректоры Виктор Лазаренко және т. б. қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар практикалық медицина салалары үшін педиатрия және фармацияның өзекті мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Пленарлық отырыста балалар онкологиясы мен гематологиясының жетістіктері мен даму перспективалары, сәбилер өлімі проблемасына жүйелі көзқарас, Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің педиатриялық мектебін дамыту, жоғары фармацевтикалық білім беруді дәрілік препараттар өндірісімен интеграциялау бойынша баяндамалар тыңдалды.
Халықаралық форумның негізгі бөлігі секциялық отырыстарда өтті, онда фармация, фармакология және клиникалық фармакология, неонатология, балалар кардиологиясы мен ревматологиясы, балалар пульмонологиясы мен аллергологиясы, гастроэнтерология және тамақтану мәселелері, балалар нефрологиясы саласындағы баяндамалар тыңдалды. Қатысушылардың назарын шетелдік әріптестер мен жас зерттеуші ғалымдардың баяндамалары аударды.
ОҚМА ғалымдары конференцияның секциялық отырыстарында белсенді сөз сөйледі. "Фармацевтикалық ғылымдар және зерттеулер" секциялық отырысында секция төрағасы профессор Есіркепов М.М., тең төрағалар: профессор Сағындықова Б.А., профессор м.а. Орынбасарова К.К., аға оқытушы Ордабекова А.Б.
«Фармацевтикалық ғылымдар және зерттеулер» секциялық отырысында «Фармация» білім беру бағдарламасының «Фармакогнозия» кафедрасының 2 оқу жылының докторанты А.Д. Қаржаубаева онлайн форматта «Saussurea Sordida шөбінің флаваноидтық құрамын сапалық талдау» тақырыбындағы фитохимиялық зерттеулердің нәтижелерін баяндады. «Фармация» білім беру бағдарламасының «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының 2 оқу жылының магистранты Г. Бақытқызы «Дермене жусаннан бөлініп алынған сантонинді хроматографиялық зерттеу» тақырыбында онлайн форматта баяндама жасады. «Фармация» білім беру бағдарламасының «Дәрілер технологиясы» кафедрасының 2 оқу жылының магистранты А.А. Амандық "Имодиум капсулаларының және оның жаңғыртылған аналогтарының фармацевтикалық эквиваленттілігі" тақырыбында онлайн форматта баяндама жасады.
«Фармакология және клиникалық фармакология» секциялық отырысының төрағасы профессор м.а. Токсанбаева Ж.С. болды. Отырыста ОҚМА өкілдері де өз баяндамаларын жасады. Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Токсанбаева Ж.С. "Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктерінен гепатопротекторлық жинақты әзірлеудің ғылыми негізделген принциптері" тақырыбында және кафедра доценті А.Г. Ибрагимова «Сауықтыру және қалпына келтіру емдік жағдайында шөп медицинасын қолдануды жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады.
Профессор М.М. Есиркепов ОҚМА ұжымы атынан өзінің құттықтау сөзінде ЖОО басшылығы мен ұжымына осындай ауқымды халықаралық конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен жылы қабылдауы үшін зор алғысын білдірді. ОҚМА ұжымы атынан СамММУ ректоры профессор Жасур Ризаевқа естелік кәдесый табысталды.
Конференция белгілі және жас ғалымдар, еуропалық білім беру орталықтарының, АҚШ, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстанның мемлекеттік құрылымдары мен фармацевтикалық бизнесінің өкілдері үшін ғылыми-білім беру сипатындағы, дәрілік заттар айналымы және жалпы денсаулық сақтау саласындағы реттеуші процестердің өзекті мәселелері талқыланған белсенді алаң болды.