«ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім, ғылым және практиканың алдыңғы қатарында» Халықаралық саммиті

2023 ж. 6-8 қыркүйек аралығында Астана медицина университетінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен және Ариэль университетімен бірлесіп (Израиль) «ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім берудің, ғылым және практиканың алғы шебінде» атты халықаралық саммиті өтті.
Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен келген университеттер мен ғылыми ұйымдардың академиялық көшбасшылары мен ғалымдары жиналып, ұсыныстар әзірлеу, жаңа бастамаларды қалыптастыру, идеялармен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында ХХІ ғасырдағы медициналық білім берудің, ғылым мен тәжірибенің жаһандық мәселелер мен сын-қатерлерін шешуге бағытталған идеялармен бөлісті. Саммит бағдарламасына пленарлық және секциялық отырыстар, негізгі спикерлермен панельдік пікірталастар, дәрістер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер кірді. Саммит барысында ректорлар форумы, декандар форумы, жас ғалымдар форумы үздік баяндамалармен, панельдік пікірталастар конкурсымен, MedTech жас ғалымдарының Стартап-жобаларының Питч-сессиясы өткізілді.

Саммит жұмысына Израиль, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Чехия, Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің академиялық көшбасшылары мен зерттеушілері, Қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың, ғылыми қордың басшылары, медицина мамандарын даярлайтын ғалымдар қатысты. Саммит аясында цифрлық оқыту, Big Data in Medicine, академиялық ортадағы әйелдер көшбасшылығы, фармацевтикалық кластерлерді дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Бағдарлама аясында Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын ұйымдармен кездесулер, университеттер мен ғылыми зертханаларға бару, медицина саласындағы ғылыми жетістіктер көрмесі өтті.

13.09.2023, 14:42
424 қаралым