Халықаралық VI Орталық Азия ғылыми-практикалық конференциясы

2023 ж. 20-21 сәуір күндері Қарағанды медицина университетінде «Болашақтың білімі: өзгерістер лебі» атты медициналық білім беру бойынша VI Орталық-Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті дамыту және өзара медициналық білім беру тәжірибесімен бөлісу. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Грузия, Германия, Франция, Үндістан, АҚШ елдерінің университеттері мен колледждерінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.
"Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі Айзат Әшімханқызы Сейдахметова "Медицинадағы және мейіргерлік қызметтегі білім беру перспективалары" атты сессия жұмысына онлайн форматта қатысып, "Студенттерді оқыту мен бағалаудың орталықтандырылған әдістерін қолдану" тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияның бағыттары: стратегиялық серіктестік, білім мен цифрлық медицинаның цифрлық трансформациясы, білім беруді интернационалдандыру, университеттік автономия және академиялық еркіндік, медицина, фармация, стоматология және мейіргер ісі бойынша білім беру перспективалары, интеграция: клиника, ғылым, білім, білім берудегі симуляциялар.
Конференция барысында кітаптар, медициналық бұйымдар, симуляциялық құрылғылар мен манекендер көрмесі, "Резидентурада мамандар даярлаудың мәселелері мен перспективалары" дөңгелек үстелі, жас ғалымдардың постерлік сессиясы, клиникалық сценарийлерді әзірлеу бойынша Simlab онлайн конкурсы, халықаралық студенттік олимпиада, фармация бойынша студенттік конференция өтті.

25.04.2023, 10:42
398 қаралым