ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылғы 16 қазанда Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында (Бұхара қ., Өзбекстан) «COVID-19: кеше, бүгін, ерте» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар - Бұхара мемлекеттік медицина институты, Украина медициналық академиясы (Киев қ., Украина).
Конференция жұмысына Польша, Қазақстан, Ресей, Болгария, Өзбекстан спикерлері қатысып, оффлайн форматта Украинадан 100 дәрігер қатысты.

Бұхара мемлекеттік медицина институтының ректоры Тешаев Шухрат Жумаевич өзара ынтымақтастықты дамытуға және институттың зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан елеулі үлесін ескере отырып, құрметті профессор дипломдарын табыстап, «Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты» төсбелгісімен «Иммунология микробиологиясы, вирусологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы мен «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызын марапаттады. Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы құттықтау сөз сөйлеп, ректордың осындай құрметті марапаттары үшін алғысын білдірді, институт мұражайына қазақ панносын сыйлады, ұйымдастырушыларды өзекті конференцияның өтуімен құттықтап, жемісті жұмыс тіледі.

Конференцияны өткізудің басты мақсаты СОVID-19 этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, диагностикасы, емі, алдын алу және оңалту мәселелері бойынша ғылыми жетістіктер мен инновациялық үдерістердің өзара байланысы мәселелері бойынша ғылыми, озық тәжірибе, пікір алмасу болды. Конференцияда негізгі тақырыптар талқыланды: денсаулық сақтаудың бастапқы деңгейіндегі, балалар мен ересектердегі COVID – 19 өзекті мәселелері; COVID – 19 профилактикасының, оңалтудың заманауи мәселелері; COVID-19 дәуіріндегі респираторлық ауруларды емдеу және алдын алу; Ғылым мен практика тоғысында COVID-19.
«Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А. Сейдахметова «Коморбидті науқастардағы постковидті синдром» атты баяндама жасады. «Микробиология, иммунология вирусологиясы» кафедрасының оқытушысы А.Н.Төлеген «Microbial diversity in elder patients diagnosed with SARS CoV-2» баяндама жасады. Конференция модераторы баяндамалардың өзектілігін, жас оқытушы зерттеу нәтижелерін ағылшын тілінде баяндағандағанының маңыздылығын атап өтіп.

Конференция барысында Сейдахметова А.А. «Ахборат» республикалық телеарнасына сұхбат берді. Конференция модераторы, Бұхара мемлекеттік медицина институтының «Хирургиялық аурулар және реанимация» кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Абдурахманов Мамур Мұстафаевич СОVID-19 этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, диагностикасы, емі, алдын алу және оңалту мәселелері саласындағы ғылыми жетістіктер мен инновациялық үдерістердің өзара байланысы тәжірибесін көрсеткен мазмұнды баяндамаларды атап өтті.
Конференциядан кейін Бұхара қаласының алдыңғы қатарлы клиникаларының заманауи жабдықталуымен оңалтуға мамандандырылған «Hospital Himchan» және «Camron» клиникаларының жұмысымен танысу ұйымдастырылды.

20.10.2021, 14:55
415 қаралым