ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында Украина Ұлттық фармацевтикалық университетінің (Харьков, Украина) профессоры, х.ғ.д., жалпы химия кафедрасының меңгерушісі Журавель И.А. академиялық ұтқырлығы аяқталды.
Екі жоғары оқу орны арасындағы Меморандум бағдарламаларын іске асыру шеңберінде Ирина Александровна 6В10106 "Фармация" мамандығының 5 курс білім алушыларының оқу үрдісіне қатысты: онлайн режимде "Биоаналитикалық химия және токсикология" пәні бойынша дәрістер оқып, зертханалық және ОБӨЖ сабақтарын бірге жүргізді.
Академиялық ұтқырлық курсының бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, академиялық дәстүрлер және аудиториямен жұмыс жасаудың шынайы қарым-қатынасын біріктірді.
Профессор Журавель И.А. табиғи және синтетикалық дәрілік заттардың токсикологиялық эффекттеріне егжей-тегжей тоқталып кетті: героин, кокаин мен талидомидтік қайғылы уақиғалар негізіндегі тератогендік, мутагенді және басқа жанама әсерлері туралы сөз қозғады. Дисперсионды сұйықтық-сұйықтық микроэкстракция, сұйықтық-сұйықтық микроэкстракция, халықаралық токсикологтар бірлестігі ұсынған алдын-ала және дәлелдейтін әдістерді қолдана отырып анаболикалық андрогенді стероидтардың допинг талдауы бойынша көрнекті мысалдар көрсетті. Зертханалық сабақта білім алушылардың бастапқы және соңғы білім дейгейлерін тексеруге қатысып, анаболикалық андрогенді стероидтардың талдауындағы тәжірибелік дағдылар мен алынған нәтижелерді интерпретациялауды бағалады.
Академиялық ұтқырлықтың осындай мазмұнды және нәтижелі бағдарламасы дәрілік заттардың сапасын бақылау және ксенобиотиктердің химия-токсикологиялық зерттеу саласында білім алушылардың кәсіптік құзыреттіліктері мен оқытудың соңғы нәтижелерін одан әрі қалыптастыруға ықпал етті.
Қорытынды сабақта білім алушылар Ирина Александровнаға кәсібилігі мен коммуникативтілігі үшін терең ризашылықтарын білдірді.
Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Журавель И.А. мен Украина Ұлттық фармацевтикалық университетінің бүкіл ұжымына фармацевтикалық білім беру саласында білікті кадрларды даярлау ісіндегі жемісті жұмысы мен өзара тиімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.