ХАБАРЛАНДЫРУ

«Оңтүстік Қазақстан медицина академия» АҚ әскери кафедрасына оқуға ниет білдіруші, 24 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары тек оқудың күндізгі түрінде:


- запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) курс және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерін;
- запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) курс және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерін
әскери кафедраға қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің іріктеу комиссиясымен конкурстық негізде өтетіндігін хабарлаймыз.

 

Құжаттар 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап «Оңтүстік Қазақстан медицина академия» АҚ әскери кафедрасында қабылданады.


Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізбесі:
1. Өтініш (ОҚМА әскери кафедра бастығының атына жазылады).
2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).
3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет ер балдарға (түпнұсқасы мен көшірмесі).
4. Көлемі 3х4 см – 2 дана фотосурет.
5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
7. Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
8. Жеке істі рәсімдеуге файл – 2 дана.


Әскери-дәрігерлік сараптамадан өтудің алдында анализдер тапсырып, анықтамалар алу керек. Анықтамалар мен анализдер тізімін ОҚМА әскери кафедрасында беріледі.


Іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:


Бірінші кезең – медициналық куәландырудан өту (тұрғылықты тіркелген жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерден, Басқармалардан (бөлімдерден) әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландырудан өту қажет. Медициналық куәландырудан өткен соң медициналық куәландыру картасына қоса анықтамалар мен анализдерді әскери кафедраға);


Екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу (өткізетін күні мен уақыты қосымша хабарланады);


Үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру (өткізетін күні мен уақыты қосымша хабарланады);


Төртінші кезең – конкурстық іріктеу (өткізетін күні мен уақыты қосымша хабарланады).
қамтиды.

 


Әскери кафедраның мекен-жайы: 
Шымкент қаласы, пл. Аль-Фараби 1 
8-701-835-06-27; 8-707-610-09-96

 medacadem_skma

medacadem_askerikafedra

09.02.2023, 17:57
615 қаралым