Ғылыми зерттеулердің этикасы және денсаулық сақтаудағы ғылыми жобаларды басқару қағидаттары туралы

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында докторанттар мен магистранттарға арналған «Денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбындағы семинар аяқталды.

ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары, семинар дәріскері, м.ғ.д. Виталий Викторович Койковтың ойынша қарқынды және екпінді дамып келе жатқан әлемде медицина мен денсаулық сақтау өркениетті өзгерістерге ұшырауда. Медицина сапалы түрде ерекшеленіп келеді, тек технологиялық тұрғыдан жабдықталумен ғана емес, сонымен қатар емдеудің құқықтық және этикалық аспектілеріне де сезімтал. Сондықтан, «қолданысқа жарамды» және «экспериментті қолайлы уақытқа дейін кейінге қалдырған жөн» критерийлерін білу өте маңызды.

Білім алушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР жаңа Кодексінің шеңберінде қабылданған биомедициналық зерттеулерді реттеудің жаңа тәсілдерімен, биомедициналық зерттеулерді жүргізудегі тиісті практикалардың стандарттарымен: QPBR, GLP, GLP, GCLP, сондай-ақ қаржыландыру көздері бойынша, грант берушілердің отандық және шетелдік қорларының гранттарын іздеу және тарту бойынша ғылыми және зерттеу бағдарламаларымен, жобаларды басқарумен, проблемалар қоя отырып, мақсаттар мен міндеттерді айқындаумен, ғылыми-зерттеу жобасының әдіснамасы мен дизайнымен, PERT диаграммасы және Гант диаграммасы (Microsoft Project) түрінде жоба бойынша жұмыс жоспарын ұсынумен танысты.
Магистранттар ғылыми этикаға назар аударды, бұл мазмұн этикасын, ғылыми зерттеулерді жүргізу рәсімдерін және олардың адамзат үшін салдарын негіздейді, докторанттар семинарды ұйымдастырушылар мен лектор В.В. Койковқа әрбір оқу күнінің мазмұндылығы, зерделенетін проблематиканың кеңдігі үшін алғыстарын білдірді.
Сертификаттарды тапсыру күні ЖОО әкімшілігінің атынан проректорлар, профессорлар М.М. Есіркепов және Б.К. Нұрмашев, ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасының басшысы А. А. Жақсылық сөз сөйледі. Олар ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша мақалалар жазудағы семинар тыңдаушыларының ғылыми зерттеулер этикасының негіздері, халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру дағдыларын игеру бойынша біліктілігін арттыратынын атап өтті.

15.11.2021, 18:14
552 қаралым