Ғылым – жүйеленген білім, даналық – ұйымдастырылған өмір

29 сәуірде Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында «Ересектер мен балалардағы коронавирустың ерекшеліктері. Вакцинация» тақырыбында бірінші халықаралық жас ғалымдар мен білім алушылардың арасында (онлайн режимінде) конференция болып өтті. Конференцияға Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Ташкент педиатриялық медицина институты, С.Д.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медициналық университет, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқытушылары конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты - ересектер мен балалардағы коронавирус ағымының ерекшеліктерін анықтау және вакцинация мәселесі де көтерілді, себебі қазіргі таңда бұл өте өзекті мәселе болып табылады. Конференцияға қатысушылар өте мазмұнды баяндамалар жасап, марапаттау орындары бар дипломдармен, сондай-ақ сертификаттармен марапатталды.

03.05.2022, 15:11
332 қаралым