"Ғылым және денсаулық" атты 64-ші ғылыми практикалық конференция

2022 жылдың 12-13 сәуір «Ғылым күніне» орай Семей медициналық университеті ұйымдастырған «Ғылым және денсаулық» атты 64-ші ғылыми практикалық конференциясы өтті. Конференция республикамыздағы медициналық жоғары оқу орындары арасында өтті.
Конференциясы Семей медициналық университет ректоры, М.ғ. д., профессор Алтай Дүйсіповта құттықтау сөзімен ашып, ғылымның қоғам дамуы, прогресс қозғалысы, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу үшін баға жетпес маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, жоғары нәтижелер, жаңа жетістіктер тіледі.
Одан әрі конференцияны оқу орнымыздың студенті, В-КДСО-02-18 тобының 4 курс Пернебеков Елхан қатысқан пленарлық отырыспен жалғасты.
Конференцияда қоғамдық денсаулық сақтау, фармакология, жалпы тәжірибелік - 2 кафедраларының профессорлық-оқытушы құрамы жетекшілік етті. Оқу ордамыздың ИЖТД 14-21 тобының 6 курс студенті Аманбаев Тимур - 2 дәрежелі диплом, ЖМҚБ-02-19 тобының 3 курс студенті Әбдіғаппар Ерден-1 дәрежелі диплом, В-КДСО-02-18 тобының 4 курс Пернебеков Елхан пленарлык отырыста- І дәрежелі Диплом, ЖМҚА-02-19 тобының 3 курс студенті Мейрбек Жалгас-3 дәрежелі диплом, және Алимбай Абзал-2 дәрежелі дипломдармен марапатталып қайтты.

Шын жүректен біздің академиямыздың оқудағы үздік әрі белсенді студенттерін құтықтаймыз!!!

18.05.2022, 09:33
562 қаралым