ҒЫЛЫМ – ӘЛЕМДІ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

19 сәуір күні фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Қазақстан Республикасындағы ғылым күніне орай серіктес-ЖОО қатысуымен «Ғылым – әлемді танудың тиімді жолы» атты постерлі баяндамалардың халықаралық байқауын өткізді. Байқауға И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Мәскеу, РФ), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ), Юлиу Хатиегану атындағы медицина және фармация Университеті (Клуж-Напока, Румыния), Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Бішкек, Қырғызстан), Ташкент фармацевтика институты (Ташкент, Өзбекстан), Бұхара мемлекеттік медицина Университеті (Бұхара, Ташкент) және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Байқаудың мақсаты фармацевтика ғылымы саласындағы болашақ ғалымдар, педагогтар мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы инновациялық жетістіктерін көрсету болып табылды.

Байқау оффлайн және шетелдік қатысушылар үшін онлайн режимде өтті. Байқауға 25 баяндамалар (постерлер) келіп түсті, олар қазылар алқасы мүшелері мен қатысушыларға көрсетілді. Баяндамашылар міндеті постерге түсініктеме беру және сұрақтарға жауап беріп, талқылауға қатысуды қамтыды.

Ғылыми зерттеулер бағыты жан-жақты болды: фармациядағы инновациялық технологиялар, дәрілік өсімдік шикізаттары мен дәрілік заттардың стандартизациясы, токсикологиялық маңызы бар заттардың химия-токсикологиялық талдауы, табиғатты пайдалану және экология. Қазылар алқасы мүшелері постерлі баяндамаларды келесі критериялар бойынша бағалады: өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, постерлі баяндаманың сапасы (көрнекілік, креативтілік, презентабельділік), материалды меңгеру деңгейі (сұрақ-жауап, пікір таластыра білу). Барлық қатысушылар баяндап болған соң, қазылар алқасы мүшелері нәтижелерді талқылап, ұйымдастыру комитетіне өз шешімдерін ұсынды. Қазылар алқасының төрайымы профессор Досыбаева Г.Н. байқау қорытындысы мен жеңімпаздарды жариялады. Барлық байқауға қатысушыларға қатысқаны жөнінде сертификаттар берілді, онда ғылыми жетекшісінің аты-жөні, ал жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар көрсетілген.

Байқаудың барлық қатысушылары мен олардың жетекшілері халықаралық постерлік баяндамалар байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы өз әсерлерімен бөлісті. Байқаудың жоғары деңгейі халықаралық қатысушылардың көптігімен, байланысты қамтамасыз етудегі тамаша техникалық деңгейімен атап өтілді, мұнда қатысушылар өздерінің барлық сұрақтарына үзіліссіз жауап бере алды.

Байқаудың мәні зерттеу нәтижелері туралы ресми есеп беруде емес, байқауға қатысушылардың аудиториямен тікелей байланысында болды. Бұл ғылыми форумның ерекшелігі барлық сұрақтар, ұсыныстар бойынша баяндамашылар тарапынан жедел кері байланыс болды.

22.04.2022, 18:04
469 қаралым