«ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ» АТТЫ СЕМИНАР

Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасы басшылығының бастамасымен 11.04.2022ж «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ» атты семинар өтті.
Ұйымдастырушылар «Интернатура деканаты», «Жалпы тәжірибелі дәрігер-2 кафедрасы», «Биология және биохимия кафедрасы».

Семинардың ашылу барысында ҒКЖДжМ басқарма басшысы Жаксылык А.А 11.04.2022ж 11-29 сәуір аралығы «Ғылым күніне» арналатынын атап өтті. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» арналған іс-шаралар ұйымдастырылғанын және іс-шараға барлық білім алушылармен академия қызметкерлерін қатысуға шақырды. Сөз кезегін «Ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор» Нурмашев Бекайдар Калдыбаевичке берді.

Нурмашев Б.К.: 11-сәуір Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. 2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 11 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Содан бері 76 жыл өтті. Сөз кезегін «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ» атты семинарды бастау үшін бірінші проректор м.ғ.к., профессор Есиркепов Марлен Махмудовичке берді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының бірінші проректоры, м.ғ.к., профессор Есіркепов Марлен Махмұдұлы баяндама жасап, зерттеу тақырыптарын әзірлеу мен таңдау, зерттеу сайттарымен жұмыс істеу әдістері мен пайдаланылатын әдебиеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Бүгінгі семинарда академия қызметкерлері, интернатура, магистратура бакалавр білім алушылары белсенді қатысты. Өздерінің нақты сұрақтарына жауап алып, білім көлемін нығайтты. Семинар өте қызықты және танымды өтті.

11.04.2022, 16:13
436 қаралым