Ғылым күніне арналған «Бастапқы медициналық көмек дәрігері: симптомнан, диагностика мен емдеуге дейін» атты кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2022 жылдың 15-сәуірінде, Шымкент қалалық №8-емханасының мәжіліс залында, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Отбасылық медицина» кафедрасының ұйымдастыруымен, Ғылым күніне арналған «Бастапқы медициналық көмек дәрігері: симптомнан, диагностика мен емдеуге дейін» атты кафедрааралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияны ашу үшін, ОҚМА-ның ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының басшысы Жаксылык Алихан Алтынхановичке және №8 қалалық емхананың бас дәрігері Серғазы Түймебаевич Альменовқа сөз берілді.
Конференцияның ашылуынан кейін, ОҚМА-ның «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., қауымд. профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы, Отбасылық медицина кафедрасының ғылыми бағдарламасын іске асыру барысымен таныстырды. Одан ары Отбасылық медицина кафедрасының профессоры, м.ғ.д., Игорь Александрович Самченко «Симптомнан, диагностика мен емдеуге дейін. Диагнозды тұжырымдау» тақырыбында ауқымды баяндама жасады. Баяндамада, бастапқы медициналық көмек дәрігерінің өзекті мәселелері талқыланып, диагнозды тұжырымдаудағы маңызды мәселелер мен заманауи емдеу мәліметтері келтірілді.
Баяндамаларды Отбасылық медицина және терапевт резиденттері жалғастырып, конференцияға белсенді қатысты. Конференцияға қатысушы резиденттер амбулаторлық – емхана дәрігері тәжірибесінде жиі кездесетін аурулар мен қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған, постковидтік синдром тақырыбында баяндамалар жасады. Ауру симптомдарын, диагнозды тұжырымдауды және ем жүргізуді, соңғы ғылыми жетістіктерге және хаттамаларға сәйкес кеңінен ашты. өзекті мәселелерін айтты.
№8-емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен конференцияға қатысушылары арасында, тақырыпқа сәйкес өзекті мәселелер көтеріліп, өз тәжірибесімен бөлісіп, сұрақ-жауап ретінде қызу талқыланды. Пікірталасқа «Терапия және кардиология» кафедрасының меңгерушісі Асанова Ғалия Қуттымбетқызы, «Отбасылық медицина» кафедрасының доценті Темиркулова Шолпан Алибековна оқу ісі меңгерушісі Салхожаева Күлзира Кеңесовна, ғылыми жұмысқа жауапты ассистен Аташова Күмісай Кұлдыраққызы белсенді қатысты.

Конференцияға белсенді қатысқан және баяндама жасаған резиденттер алғыс хатпен марапатталды. «Отбасылық медицина» кафедрасы ұйымдастырған арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өз мәресіне жетіп, жоғары ұйымдастырушылық деңгейді өтті.

19.04.2022, 15:48
710 қаралым