«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының білім берудегі тыныс тіршілігі
2023 жылдың 7-8 сәуір аралығында Самарқанд қаласы, Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде «Денсаулық сақтаудағы инновациялық технологиялар: ішкі медицинадағы жаңа мүмкіндіктер» атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның «Медицинаның өзекті мәселелері» секциясында «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі Утепов П.Д. «Современные подходы организации профилактических мер эмерджентных инфекции в трансграничных природно-очаговых регионах Республики Казахстан и Республики Узбекистан» атты тақырыбында, сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Байконсова Л.О. «Особенности циркуляции вирусов гриппа и орви в эпидемическом сезоне 2021–2022 гг.» атты тақырыбында баяндама жасады.
Конференция халықаралық медициналық қауымдастықтың тәжірибесі мен білімін біріктіруге мүмкіндік берді. Конференцияға жақын және алыс шет ел мемлекеттерінің оның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.