«Газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесі» тақырыбында кездесу

2021 жылдың 3 желтоқсан күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережесін» түсіндіру мақсатында "КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ Шымкент өндірістік филиалының қызметкерлерімен кездеcу өтті. Кездесуге "КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ Шымкент өндірістік филиалының қызметкерлері мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері, академияның студенттері қатысты.

Іс шараны ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп келген қонақтармен таныстырды. Кездесуге Шымкент қаласының газ техникалық инспекцияның басшысы Ф.Х.Уркимбаев, "КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ Шымкент өндірістік филиалының авариялық диспетчерлік кызметінің бастығы Б.Байтөреев және Аль-Фараби аудандық төтенше жағдай басқармасының маманы Берiк М.С. қатысты.

Академия студенттеріне "КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ Шымкент өндірістік филиалының қызметкерлері: ғимаратта, бөлмеде, үйдің кіре берісінде немесе көшеде газдың иісін сезсеңіз, не істеу керектігі жайлы айтты. Газ иісі сезген жағдайда газ жабдықтарының бәрін өшіріп, бөлмені желдету, жақын жерде, маңайыңызда ешкім от, сіріңке жақпауын, өрт немесе электр жарығын қолданбауын темекі шегуге болмайтынын, ажыратқыштар мен тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынатынын, газ иісі тарамаған, таза ауада тұрып 104 – жедел апат қызметіне хабарласу керектігін ескертті.

Академия студенттері "КАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ Шымкент өндірістік филиалының қызметкерлеріне үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы, қауіпсіздік жағдайлармен және олардан сақтана білу
жағдайымен таныстырғаны үшін рахмет айтып, алғыстарын білдірді.
Әрқашан қауіпсіздік ережесін сақтайық, аман болайық!

03.12.2021, 23:51
426 қаралым