G-Global платформасындағы бейнеконференция

Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясының “шет тілдері” кафедрасы және көптілді білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи әдістері» атты  2016 жылдың 15 ақпанында G-Global алаңында халықаралық ,бейнеконференция өтті. «G-global» - әлемге ұсынып отырған жаһандық диалогтың жаңа форматына, миллиондаған пайдаланушылар сайтына кіруде.

714 2

Бейнеконференция шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А. С. Сайфутдинованың басқаруымен ұйымдастырылды және көп тілді білім беру орталығында өткізілді. Видеоконференцияға алыс шетелдік ғалым, отандық ғалымдар, ОҚМФА  қызметкерлері қатысты. ОӘО бастығы, ф.ғ.к, доцент А.Ғ.  Ибрагимова конференцияны ашып берді. Медицина факультетінің деканы, м.ғ.к, профессор Б. З. Долтаева барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ноттингем университетінің (Малайзия), биомедицина кафедрасының м.ғ.д., профессор Мустафа А. Аль-Шагга өзінің «Assessment in Higher Education» атты презентациясымен байланысқа шықты.  «Assessment of students’ knowledge and skills» тақырыбындағы презентациясын шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, доцент А. С. Сайфутдинова қатысушылардың назарына ұсынды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, п.ғ.д.,проф., Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Ү. А. Байзақ «Блумның таксономия принциптері бойынша студент білімін бағалау немесе тест жасаудың технологиясы»  еңбегін көрсетті.  А. М. Еркебай “Гигиена – 1” кафедра оқытушысының «Credit technology teaching» атты презентациясы тыңдалды.

Бұл бейнеконференция интернет жүйесі мен  компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұратын мамандардың  арасында аудио-бейнеақпараттар алмасуға мүмкіндік берді.

714 4

Бейнеконференцияда  шетелдік және отандық  ғалымдармен  студенттердің білімін бағалаудың негізгі әдістері мен принциптері, студенттердің тәжірибелік сабақта жұмысын бағалау және білімін бақылау ерекшеліктерін талдау, студенттердің білімін бағалаудың жаңа жолдарын табу талқыланды. 

17.02.2016, 03:34
463 қаралым