«G-global» коммуникативтік алаңындағы «Медицинадағы симуляциялық оқыту» атты бейнеконференция
2016 жылдың 28 наурызында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының оқу клиникалық-симуляциялық бөлімі «G-global» коммуникативтік алаңында «Медицинадағы симуляциялық оқыту» атты бейнеконференция өткізді.
Қазіргі таңда медициналық білім беру жүйесінде көптеген симуляциялық қондырғылар мен әдістер қолданылады. Симуляцияны қолдану әр-түрлі қозғалыс ықпалы ғана емес, сондай-ақ, білім берудің керекті соңғы нәтижелерімен байланысты. Осындай нәтижелерге оқыту және бағалау, пациенттің қауіпсіздігін арттыру және зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері жатады.
Симуляцияның нақты қай әдісін қолдану туралы шешімді ең алдымен қажетті соңғы нәтижеге негіздеп, қабылдау керек. ОҚМФА-да симуляциялық оқыту білім беру жүйесінде 8 жылдан бері қолданылып келеді. “Дөңгелек үстел” барысында симуляциялық оқыту методологиясын білім берудің соңғы нәтижелеріне бағытталған құзыреттілік тұрғыдан қарастыру нұсқалары мен бағалаудың оңтайлы объективті әдістері жөнінде пікір алмасу жүрді. Конференцияға қатысушылар еліміздің медициналық ЖОО өз тәжірибелерімен алмасты. Тақырыпты талқылауға м.ғ.к., доценттер – Г.К. Асанова, Н.В. Югай, А.А. Сейдахметова, А.Е. Туртаева, клиникалық кафедралардың ПОҚ -Г.У. Акбердиева, Р.К. Джунусова, Р.А. Сметова, М.А. Искакова, М.А. Емешова қатысты.