G-global алаңындағы онлайн-конференциясы

2015 жылдың 27-ші ақпанында дәлелді медицина бөлімі мен ОҚМФА-ның профессорлық оқытушылар құрамы Марат Оспанов атындағы БҚММУ ұйымдастырылған «Дәлелді медицина қағидаларын ұстануымен құрастырылған КТН (клиникалық тәжірибелік нұсқаулықтар) және КХ (клиникалық хаттамаларды)  ҚР медициналық ЖОО  білім беру үрдісіне енгізу» тақырыбындағы G-global коммуникативті алаңындағы видео-кездесу онлайн конференциясына белсене қатысты.

Онлайн конференцияға қатысуға ДСДРО мен ҚР алты  медициналық  ЖОО,  атап айтқанда: М.Оспанов атындағы БҚММУ, ММУ Семей қ., ҚарММУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚҰМУ, ОҚМФА және АМУ Астана қ. шақырылды.

Конференция, ұйымдастырушылардың сәлемдесуінен басталды. Медициналық ЖОО өкілдері клиникалық кафедраларда КТН  және КХ оқу үрдісіне енгізудің өзектілігі мен  клиникалық кафедраларда КТН  және КХ оқу үрдісіне енгізу мәселелері бойынша ауызша мәлімдеме берді, әрі жоспарды, индикаторларды анықтауды, ПОӘКүрдістің бейнеленуін және клиникалық кафедраларда КТН  мен КХ оқу үрдісіне енгізу мониторингін талқылады.

Конференцияға  қатысушылар қорытындылай келе дәлелді медицина қағидаларын ұстануымен құрастырылған КТН мен КХ ҚР медициналық ЖОО  білім беру үрдісіне енгізу білім алушыларға білім мен медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін белгіледі. Онлайн-конференцияның видео-кездесу ретінде өткізілуі тиімді екенін барлық қатысушылар ерекше атап өтті, осы форматта әрі қарай жұмыс істеуге ұсыныс түсті.

 

03.03.2015, 17:13
640 қаралым