«ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ» АТТЫ «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН МАСТЕР-КЛАСС

2022 жылдың 20 сәуірінде фармакогнозия кафедрасы және дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу зертханасымен Ғылым күніне арналған «Физика-химиялық талдау әдістері» тақырыбында «Фармация» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттеріне, «Фитохимик» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелеріне және магистранттарға мастер-класс ұйымдастырылды.

Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Орынбасарова К.К. өнеркәсіптік дамыту және отандық фитопрепараттардың ассортиментін кеңейту мақсатында әртүрлі дәрілік өсімдік шикізатына ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) мақсаты – дәрілік өсімдік шикізатының өзіндік шикізат базасын нығайту, олардың негізінде тиімділігі жоғары және экологиялық таза фитопрепараттарды әзірлеу және енгізу. Оңтүстік Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу, олардың негізінде жаңа кең спектрлі фитопрепараттар жасау. ҒЗЖ-ның мақсаты мен міндеттеріне жету үшін 3 ғылыми-техникалық жоба дайындалып, жүзеге асырылды. Соңғы 10 жылда кафедрада 30-ға жуық магистерлік диссертациялар орындалды.
Кафедрада 3-5 курс студенттері арасында «Фитохимик» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Әрбір студентке кафедраның ҒЗЖ-ның кешенді тақырыбының белгілі бір бөлімі және ғылыми жетекші бекітіледі.
Мастер-класс координаторлары: Кемельбеков У.С., Конаш Н.Е. және Әбілова А.А.
Мастер-класс мақсаты: ғылыми фармация саласында студенттердің потенциалын арттыру.
Мастер-класс барысында физикалық-химиялық талдау әдістерімен жұмыс көрсетілді: жоғары эффективті сұйықтық хроматографиясы (ЖЭСХ), инфрақызыл (ИҚ) спектроскопия, фотоэлектроколориметрия (ФЭК).
Аға ғылыми қызметкер химия ғылымдарының кандидаты Кемельбековпен У.С. сұйық хроматографияның жұмыс істеу принципі, ЖЭСХ ерекшелігі, талданатын заттарды бөлу механизмі және тікелей құрылғыдағы жұмыс көрсетілді.

Оқытушы Конаш Н.Қ. ерітінділердің түс қарқындылығы бойынша заттың концентрациясын анықтауға негізделген ФЭК химиялық талдаудың физикалық әдісі туралы айтты. Студенттерге түсті ерітіндінің сандық мөлшерін анықтау көрсетілді.

ИҚ-спектроскопия әдісін оқытушы Әбілова А.А. таныстырды. Студенттер үлгі молекулаларында белгілі бір функционалды топтардың және басқа фрагменттердің болуын көрсететін инфрақызыл сәулеленудің максималды жұтылуларын байқады.

Мастер-класс қорытындысы бойынша пікірталас өтті, оның барысында қатысушылар мұндай деңгейдегі сабақтар студенттердің университет қабырғасында оқитын пәндерінің интеграциясының нәтижелерін көрсететінін, ал талдаудың физикалық-химиялық әдістерін оқуда алынған білім – мамандардың болашақ кәсіби қызметінде қолданатын дағдыларын сауатты меңгеруге көмектеседі.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың мазмұны мен ұйымдастырылуына, оның ішінде студенттердің ғылыми жұмыстарын қолдауға қойылатын жоғары талаптар ел экономикасының даму қарқынымен байланысты. Осы мақсатта теориялық білімді практикада бекіту үшін оқу үдерісіне ғылыми зерттеу элементтері белсенді түрде енгізілуде, атап айтқанда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқу үдерісінде, одан тыс кезде де қатысуы.

20.04.2022, 17:22
591 қаралым