ФІҰжБ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 5-курс білім алушыларының Фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілімен кездесуі

2021 жылы 24 қараша күні, ФІҰжБ кафедрасында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Сабыр Гүлнұр Әбілқайырқызы, "Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері" тақырыбы бойынша ZOOM платформасында онлайн дәріс өткізді.

Дәріске "Фармация" факультетінің 5 курс студенттері және фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ОҚМА ОӘБ орынбасары Халикова Р.О. қатысты.

Дәрісте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-9 бұйрығына сәйкес тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидалары жөнінде айтылды. Нақтылап айтсақ, 2023 жылдан бастап ҚР барлық дәріханалар осы стандартпен жұмыс жасауы керек. Бұл стандарттың артықшылығы фармацевтикалық нарықтағы фальсификат өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, нарықта дәрілік заттардың бір деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Гүлнұр Әбілқайырқызы өз сөзінде Тиісті дәріханалық тәжірибенің (GPP) мақсаты Қазақстан Республикасының халқына фармацевтика қызметкерлері көрсететін фармацевтикалық қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету, халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету; дәрілік зат туралы шынайы ақпарат беру; салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу, рецептілік дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті; дәрілік препараттарды жазуға және пайдалануға әсері; орын алған дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат беру және өзін-өзі емдеу кезінде көмек көрсету.

26.11.2021, 23:41
580 қаралым