«Финляндияда мейіргер ісі мамандарын дайындайтын үлгісі»
2015 жылдың желтоқсанында «Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.А. Сейдахметова мен техникалық және кәсіби білім беру факультетінің оқу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Н.Р. Жуманкулова Финляндияға танысу мақсатында барып келді. Онда Ювяскюль қаласында JAMK (University of Applied Sciences) қолданбалы ғылымдар университетінде, Лахти қаласының LAMK университетінде «Финляндияда мейіргер ісі мамандарын дайындайтын үлгісі» бойынша біліктілігін жетілдіру курсын өтті.
Университет директоры Пертли Малкки, JAMK (University of Applied Sciences) қолданбалы ғылымдар университетінің аға кеңесшісі Йохан Хейккилл, доктор Марио Паловаара, білім беру бағдарламаларын дамыту Департаментінің жетекшісі Ханну Иконен, аға кеңесші Ханнеле Титанен - дәрістер, семинарлар және тәжірибелік сабақтар өтті. Дәрістерде: оқу бағдарламасын жасау кезеңдерін басқару, академиялық бакалавриат және қолданбалы оқытудың негізгі ережелері, студенттерге тәлімгерлер тағайындау, студенттер мен оқытушыларды алмастыру, ментор рөлі және дайындау ерекшеліктерімен таныстырды.
Оқыту нәтижелерін талдау, оқу бағдарламасындағы теориялық білімін компетенцияға сүйене отырып бағалау, мейіргер ісі мамандарын клиникалық дайындау туралы сұрақтарды талдау барысында үлкен қызығушылықпен талданды. Тәжірибелік сабақтар Муураме денсаулық орталығында, Паийат – Хаме орталық ауруханасында, Лехтиойя геронтологиялық ауруларға көмек көрсету орталығында, Сиири көмек көрсету орталықтарында өтті. Онда мейіргер ісі мамандарының мамандандырылған көмек көрсету сұрақтары талқыланды.