"Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша VI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының салтанатты түрде жабылуы және қорытындысы
Құттықтау сөздерімен «Фармация» факультетінің деканы Қ.Н. Дәуренбеков және ТФП кафедрасының меңгерушісі Б.О.Торланова шықты.
Марапаттау рәсімінде 9 студент "Тәжірибелік маңызы бар жұмыс" номинациясы бойынша сертификатқа ие болды, 2 студент "Үздік инновациялық идея" номинациясы бойынша сертификатқа ие болды және 1 студент І-ші бөліміндегі пәндік тестілеудің қорытындысы бойынша "Зияткер қатысушы"сертификатын алды.
Олимпиада жеңімпаздары анықталды:
І орын – АҚ "ҰМУ" студенті Жақсығалиева Жадыра,
ІІ орын – АҚ "ОҚМА" студенті Мүсірепова Айжан,
ІІІ орын – Е. Букетов атындағы ҚарМУ студенті Тоқтанмұрат Шахназа алды.
Олимпиаданың 3-ші орынға Е. Букетов атындағы ҚарМУ командасы ие болды,
2-ші орынды АҚ "ҰМУ" командасы иеленді
және 1-ші орынды АҚ "ОҚМА" командасы алды.
Барлық қатысушылар академия логотипі бар "ОҚМА" АҚ-дан естелік сыйлықтар алды, ал жеңімпаздар мен командалар І, ІІ, ІІІ орындарға "Зерде-Фито" ЖШС және "Фито-Апифарм" ЖШС демеушілерінен естелік сыйлықтар алды.
Қорытындысында "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығы бойынша оқитын 2-4 курс студенттерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.