«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенторталықтандырылған оқыту
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 3 курс студенттері үшін «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша ашық зертханалық сабақ өткізілді. Зертханалық сабақ «Фенолдың формальдегидпен поликонденсациясы» тақырыбында оқытудың белсенді әдістерін (ОБӘ) - TBL және CBL қолдану арқылы жүргізілді. ОБӘ білім алушылардың қызығушылығын арттырып, материалды тереңірек оқуына жағдай жасайды, студенттердің кәсіби дайындығына жаңа ақпараттық ресурстарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Студенттердің алдында эксперименттік жолмен новолакты және резолды формальдегидтік шайырларын алу мақсаты тұрды, жұмысты орындау үшін оқу топтары екі командаға бөлінді.
ОБӘ элементтерімен өткізілген зертханалық сабақ студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарын, синтездеу және зертханалық жұмыс бөлігін тиімді өткізу үшін әртүрлі ақпарат көздерінен қажетті материалдарды табуға, шығармашыл түрде өңдеуге және қолдануға, өз бетінше қабілетті болуға ықпал туғызады.
Оқу материалдардың игергенін бекіту үшін студенттерге новолак және резол фенолформальдегидті шайырлар өндірісі бойынша химия-технологиялық схемасын құрастыру тапсырмасы ұсынылды.
Ситуациялық бағытталған оқыту әдістемесі студенттердің жекелей (Kahoot-тестілеу) және виртуалдық өндірісті «Оpen labyrinth» жұмысын қолдануына негізделді, сонымен қатар топтық жұмыстарын қамтыды,
оның мәні виртуалды өндіріс жағдайында мәселелерді шешу болып табылды. Студенттердің белсенділігі мәселелермен жұмыс істеу кезінде байқалды, тапсырмаларды шешу үшін олар резол шайырын синтездеуге байланысты негізгі фрагменттерді еске түсіруге және логикалық түрде жіктеуге тиіс болды.
Командалық және ситуациялық бағдарланған оқыту әдістерін қолдану қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, оқу материалдарын жақсы меңгеруге, мінез-құлық пен кәсіби дағдыларды дамытуға және жетілдіруге зор ықпал етті.