Фармацевтикалық білім берудің дағдылануы (тәжірибеленуі)

2019 жылдың 7 қарашасында академияның фармация факультеті профессорлық оқытушылар құрамымен "Еврофарма" ЖШС ірі қазақстандық фармацевтикалық компания өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты фармацевтикалық білім беру мен практикалық Фармациямен тығыз ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Кездесуге оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі Ибрагимова Айгүл Гаффарқызы, фармация факультетінің деканы Дәуренбеков Канат Нарбекұлы, кафедра меңгерушілері мен ПОҚ қатысты.

1456 1

Іс-шарада Еврофарма қызметкерлері компанияның ағымдағы жағдайы туралы толық ақпарат берді, компанияда 160 дәріхана жұмыс жасайтынын және келешекте дәріханалар санын екі есе арттыруға арналған жоспарда бар екені туралы айтылды. Мұндай жағдай фармация факультетінің болашақ түлектерін жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Компанияның провизор-фармацевт мамандары жылына екі рет аттестациядан өткізіліп, оның қорытындысы бойынша мамандар жалақысына қосымша жалақы төленетіні туралы да ақпарат берілді.

1456 2

Бірлескен іс-шаралар барысында фармация факультетінің студенттері мен магистранттарының елдің барлық аймақтарындағы Еврофарма дәріханаларында тәжірибеден өту мүмкіндіктері, дуалды оқыту, компания тарапынан білім алушыларға гранттар, академия ғимаратында оқу дәріханасы мен дәріс залын ашу т.б. мәселелері талқыланды.

1456 3

Жиын соңында алдағы атқарылатын іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыс тобының құрамы анықталды.

15.11.2019, 06:20
308 қаралым