Фармацевт-аналитиктің кәсіби құзыреттілігін нығайту

«Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесі Башқұрт мемлекеттік  медициналық университетінің (БММУ) фармацевтикалық химия кафедрасында және БР ДСМ «Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау республикалық орталығы» денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінде («ДЗСБС РО») 11.05. - 27.05.2015жж. аралығында өтті.

566 1 1

Тәжірибе өтушілер өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен өткізу кестесіне сай дәрілік заттарды (ДЗ) фармацевтикалық талдау саласындағы жұмыстарды толығымен орындады.

Тәжірибені өту кезінде студенттер «ДЗСБС РО» денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінің қызметтерімен, міндеттерімен, фармацевт-аналитиктің жұмыс істеу тәртібімен, РФ дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттауды регламенттейтін нормативті құжаттармен танысты.

566 2 2

Студенттер физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер көмегімен дәрілік түрлерге (таблеткалар, капсулалар, жақпамайлар, шаншуға арналған ерітінділер және дәрілік өсімдік шикізаттары)  барлық сапа көрсеткіштерін қолдана отырып, толық фармакопеялық талдаулар жүргізді.

566 3 3

Сонымен бірге, студенттер оттекті колбада жағу және органикалық ДЗ құрамындағы азотты Къельдаль әдісімен анықтайтын элементті талдау әдістері, аспапты талдау әдістері (ГХ, ЖЭСХ), К. Фишердің жартылай микроәдісімен ылғалды анықтау және т.б. фармацевт-аналитик үшін маңызды тақырыптар бойынша мастер–кластарға қатысты.

566 4 4

Мәдени іс–шаралар да өте қызықты, әрі мазмұнды өтті: орыс драма театрында, М.Гафури атындағы башқұрт академиялық театрында, Салават Юлаев атындағы бақта, М.Гафури атындағы мәдениет және демалыс орталық саябағында, Жеңіс саябағында және т.б. Сонымен бірге, тәжірибе өтушілер БММУ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне арнап «Қазақстан күнін» атап өтті.

566 5 5

08.06.2015, 04:11
779 қаралым