Фармацевт - аналитиктің кәсіби құзіреттілігін бекіту

Фармацевтикалық факультеттің 4-курс студенттерінің келесі реттегі «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесі Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз және Шымкент қалаларындағы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығының сынақ зертханаларында өтті.

587 1

587 2

Сынақ зертханаларында практиканттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Фармакопеясы, Еуропа  Фармакопеясы, Британдық Фармакопея және АҚШ Фармакопеясы сынды нормативті құжаттар талаптарына сәйкес заманауи жоғары технологиялық құралдармен дәрілік құралдарға (қалыптар) физикалық, химиялық және физика-химиялық талдаулар жүргізді. 

587 3

587 4

Студенттер әртүрлі дәрілік препараттарға заманауи жоғары дәлдікті құрылғылармен талдаулар жүргізді: РР 50 «Сарториус» рН метрі, Nicolet 380 «Thermo Ficher Scientific» Фурье түзгіштік ИҚ-спектрометрі, Cammag жұқа қабатты хроматографияға арналған аппаратура, балқу температурасын анықтауға арналған прибор,  СМ-3 айналмалы поляриметр, Axiostar Plus микроокулярмен бірге зертханалық бинокулярлы микроскоп, «UV-Vis Evolution 300» спектрофотометрі, «Agilent technologies» жоғары эффективті сұйықтық хроматографы және т.б. «Сарториус» фирмасының дәрілік түрлердің микробиологиялық тазалығын бақылау жүйесімен танысты. Практиканттарда халықаралық сапа стандартымен қамтылған Алматы қ. орналасқан ДЗСҰО сынақ зертханасы ерекше әсер қалдырды.  

587 5

587 6

Тәжірибе өту кезінде студенттер толық көлемде өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасын орындады. Мекемедегі әсер етуші ішкі еңбек тәртібін орындады, еңбек қорғанысының нормаларын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтады, тәжірибе барысында өндірістік тәжірибе бойынша күнделіктерді безендірді және тәжірибе нәтижесі туралы жазбаша есептерді толтырды. Нәтижесінде, тәжірибе студенттерге жалпы және кәсіби құзіреттілігін және коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

587 7

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы және практиканттар өндірістік тәжірибе өткен база жетекшілеріне оқу-тәжірибелік үрдісті тиянақты ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысын білдіреді:

·ДЗСҰО бас директоры С.Р. Мусинге және сынақ зерханасының меңгерушісі А.П. Кабденоваға;

·ДЗСҰО аумақтық филиал (Астана қ.) директоры Ж.М. Нысанбаевқа және сынақ зерханасының меңгерушісі У.Б. Кипчакбаеваға;

·ДЗСҰО аумақтық филиал (Қарағанды қ.) директоры А.З. Нигматулинге және сынақ зерханасының меңгерушісі Н.Н. Архиповаға;

·ДЗСҰО аумақтық филиал (Тараз қ.) директоры Х.А. Даурбаеваға,  сынақ зерханасының меңгерушісі Т.П. Дорнға;

·ДЗСҰО аумақтық филиал (Шымкент қ.) директоры А.К. Тұрмахановқа және сынақ зерханасының меңгерушісі Р.М. Анарбаевқа.

587 8

13.07.2015, 22:51
695 қаралым