Фармакогнозия пәнінен «Дәрілік өсімдік шикізаттарын қабылдау және талдау» тақырыбына мастер-клас

Дәрілік препарат алу мақсатында дәрілік өсімдіктерді, саңырауқұлақтарды, олардан алынатын шикізаттар және жануартектес дәрілік шикізаттарды биологиялық белсенді зат көзі ретінде зерттейтін ғылым фармакогнозия деп атайды. Бұл түсінікті фармациямен байланысты қызмет атқаратын адамдардың бәрі біледі, бірақ фармакогнозия ғылымының қаншалықты қызықты және көп қырлы екенін тек қана фармакогносттар мен осы курсты өтіп жүрген студенттер ғана біледі. Сол себептен 2015-жылы  cәуірдің 10-жұлдызында фармакогнозия және химия кафедрасының оқытушы-фармакогносттары зертханалық сабақты жүргізу бойынша қызықты тақырыптардың бірі «Дәрілік өсімдік шикізаттарын қабылдау және талдау» тақырыбына қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мастер-класc өткізуді шешті.

Мастер-клас 3 бөлімнен тұрды. Фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова К.К. және Тоқсанбаева Ж.С. таныстырып өткен бірінші бөлімде сабақтың мақсаты мен міндеттері жайлы айтылып өтті.

527 1 1

Ең негізгі екінші бөлім фармацевтикалық ұйымының бір бөлшегі ретінде алынған 4 кезеңнен тұрды, олар: дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау, сынамасын алу, талдау жасау, сақтау және босату. 503 фк, 505 фк, 506 фк, 513 фр және 514 фк топтарының студенттері барлық тәжірибелік және зертханалық жұмысты атқарды. Осы топтарды дайындауда кафедра оқытушылары мен магистранттары қатысты, олар: Серікбаева Т.С., Қадишаева Ж.А., Патсаева К.К., Сұлтанханова У.С., Сейдалиева С.К.,, Бахтиярова Б.А., Қозыкеева Р.А..

527 2 2

527 3 3

ЖШС «Зерде-Фито» өндіріс бастығы Жуматаев М.Ж, ЖШС «Эко-Фарм» бас  директордың кеңесшісі  Кенжебай Ж.Д., ОҚО ДЗММБжМТСҰО директоры Тұрмаханов А.К., ОӘжТЖ жөніндегі проректоры. Анартаева М.У.,  фармацевтикалық факультетінің деканы Жұмабаев Н.Ж., ОӘО бастығы Ибрагимова А .Г., СЖСМЖжКРДО бастығы Торланова Б.О., шығарушы кафедралар меңгерушілері мен оқытушылары мастер-класқа шақырылды.

527 7 7

Мастер класты қорытындылау бойынша талқылау өткізу барысында қонақтар мен қатысушылар бір ауыздан осындай дәрежедегі мастер-клас студенттер оқып жатқан базалық пәндерді интеграциялау және дағдылары мен білгірлігін сауатты қалыптастырып, жас мамандар өзінің болашақ кәсіптік қызметінде үйренген дағдыларын қолдана алатынына сенімдерін білдірді.

527 4 4

527 5 5

527 6 6 

21.04.2015, 23:30
742 қаралым