Фармакогнозия пәнін оқытуда тәжірибе алмасу

Башқұрт мемлекеттік медицина университеті мен біздің жоғары оқу орынымыздың арасында кәсіби және достық қарым-қатынас өткен жылдың басынан пайда болды. Оған куә ретінде 2013 ж. біздің 5 курс студенттерінің  фармакогнозиядан өндірістік тәжірибені Уфа қаласында өткені және академиялық ұтқырлық шеңберінде екі ЖОО аралық 4 курс студенттерімен алмасу болып келеді. Осы құнарлы ынтымақтастықтың бір көресеткіші БММУ фармацевтикалық факультетінің жетекші лекторы, фарм.ғ.к., профессор К.А. Пупыкинаның шақырылуы болды.

Профессор К.А.Пупыкинамен 4-5 курс студенттеріне дәріс курсы оқылды, зертханалық және тәжірибелік сабақтар және СОӨЖ жүргізілді. Лекция мен тәжірибелік сабақтардың тақырыптары құрамында антрацен туындылары, кумариндер, хромондар және флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер мен  шикізатына арналды, ал 4 курсқа арналған тақырыптық жоспарда келесі тақырыптар енгізді:««Гүлдер» ДӨШ микроскопиялық талдау», ««Шөп» ДӨШ дайындау, кептіру, сақтау», ««Қабық» және «Бүршік» ДӨШ макроскопиялық және микроскопиялық талдау», ««Жемістер» және «Тұқымдар» ДӨШ макроскопиялық және микроскопиялық талдау».

Академия басшылығы мен фармакогнозия және химия кафедрасының профессор-оқытушылық қауымымен кездесу ұйымдастырылды, кездесу  барысында Пупыкина К.А. ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасына ерекше назар аударып БММУ фармацевтикалық факультетінің қызметкерлерімен және Уфа қаласымен сырттай таныстырып өтті.

Сонымен қатар бұл кездесуде Кира Александровна фармацевтикалық факультеті профильдік кафедраларының қуатты материалдық базасын және біздің студенттердің білімділігін, еркін ойларын және жеке жұмыс істеуге қабылеттілігін жоғары бағалады.

 

03.03.2015, 16:21
940 қаралым