Фармакогнозия кафедрасының сабақтарында жобалық-бағыттық оқыту әдісін қолдану

«Фармакогнозия» кафедрасы 2022-2023 оқу жылы «Фармакогнозия» пәніне жобалық-бағыттық оқыту әдісін енгізді. Жобалық–бағыттық оқыту іске асыру мақсатында кафедраның оқытушыларына «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3 курстың 4 тобы бекітілді: В-ФҚА-01-20, В-ФҚБ-01-20, В-ФҚА-02-20, В-ФҚБ-02-20.
Жобалық-бағыттық оқытудың мақсаты студент пәнді игеру кезінде қалыптастырған білімін, іскерлігін және дағдыларын түсіну және қолдану.

Жобалық-бағыттық оқыту бағдарламасына қатысқан студенттерге төмендегі тақырыптар зерттеуге берілді:
1. Биберштейн мыңжапырақ шөбінің фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы ;
2. Мускат сәлбен жапырағының фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы;
3. Сулы жалбыз жапырағының фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы;
4. Ұсақгүлді жебіршөп шөбінің фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы;
5. Шілтержапырақты шайқұрай шөбінің фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы;
6. Дәрілік бақ-бақ тамырының фармакогностикалық және фитохимиялық талдауы.
2022 жылдың 22 қазан күні кафедрада жобалық-бағыттық оқыту бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстың аралық есебі өткізілді.
Зерттеу жұмысының алғашқы этапында әдеби шолу және зерттеліп отырған тақырыптар бойыншга патенттік ізденіс жасалды. Ізденіс жұмыстары Scopus, elibrary, Web of science және т.б ақпарат базалары бойынша жүргізілді.
Екінші этапта білім алушылар макроскопиялық және микроскопиялық, сонымен қатар тауарлық талдау жұмыстарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеяда келтірілген әдістер негізінде орындады.

Зерттеу жұмыстарының практикалық маңыздылығы «Фармация» мамандығы бойынша университет қабырғасында жобалық-бағыттық бағдарламаның дәрежесін көтеру мақсатында бакалаврдың кәсіптік дайындығының сапасын көтеруге бағытталған міндеттерімен анықталады.

Жобалық-бағыттық бағдарламаның студентке беретін кәсіптік құзыреттіліктер:
- жобамен айналысу барысында шығармашылықтың және қызығушылықтың дамуы;
- мәселені шешудегі студенттің шығармашылық ойлау қабілетінің бағыты;
- жобамен айналысу барысында ізденіс-зерттеу жұмыстарына ат салысу;
- бағалау қабілетінің қалыптасуы, өзін-өзі бағалау, өзбетінше іздену, өзін-өзі тану;
- ұжымды жұмыс істеуге шақыру және ұйымдастыру;
- коммуникациялық білгірлігін, икемділігін және тілдесудің шығармашылық стилін қалыптастыру.

27.10.2022, 12:51
356 қаралым