Фармакогнозия кафедрасының профессор м. а. Токсанбаева Ж.С. "Семей медицина университеті» КЕАҚ-дағы академиялық ұтқырлық бойыншы нәтижелері

18.11.- 29.11. 2019 ж. аралығында мен "Семей медицина университеті" КЕАҚ-ң Басқарма Төрағасы-ректоры Е.Т. Жүнісовтің шақыруымен, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша м.ғ.д., профессор Н. М. Мусин атындағы фармакология кафедрасында Фармация мектебінің 4 курс студенттеріне арналған фармакогнозия циклында болдым.

1471 1

Көрсетілген мерзімде мен бекітілген кестеге сәйкес дәрістер оқыдым және тақырыптар бойынша зертханалық-тәжірбиелік сабақтар өткіздім.

Сонымен қатар, фармакогнозияның өзекті мәселелері бойынша "Фармация" мамандығының 2-5 курс студенттеріне арналған тақырыптық шолу дәрістері де оқылды.

1471 2

Академиялық ұтқырлық кезеңінде КЕАҚ "Семей медицина университеті" Фармация мектебінің оқытушылары мен студенттері үшін "Фармациядағы GХP қағидалары. Дәрілік өсімдіктерді өсіру саласындағы GACP ережелері" бойынша мастер-класс өткізілді.

1471 3

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар оқытудың әртүрлі белсенді әдістерін (PBL, TBL, RBL әдістері, кіші топтарда жұмыс істеу, миғак шабуыл және т. б.) пайдалана отырып, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Бұл туралы білім алушылар мен студенттердің сауалнамасының нәтижелері және КЕАҚ-ның МУС сайтындағы жарияланымдар куәландырады. Оқытудың белсенді әдістерін пайдалана отырып өткізілген сабақтарға енгізу актілері алынды.

1471 4

Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылына "Каскасу" АҚ ОҚМА базасында СМУ-ң 4 курс студенттерімен фармакогнозия пәні бойынша өндірістік тәжірибе өткізу жоспарланған, ол үшін КЕАҚ СМУ және АҚ ОҚМА арасындағы келісім-шарт жобасы дайындалды, кәзіргі жағдайда ол қаралу сатысында және фармакогнозия пәні бойынша өндірістік тәжірибиенің бірлескен жұмыс бағдарламасы жасалды (әзірлеуші-авторлар: ОҚМА профессор м.а. Тоқсанбаева Ж. С. және СМУ тарапынан ассистент Бабаева Г. С.).

1471 5

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша бірлескен мақалалар жазу жоспарланып, жүзеге асырылады және бірлескен студенттік ғылыми зерттеулер үшін нысандар таңдап алынды.

1471 6

Сонымен қатар, 21 қарашада Университет қабырғасында "Студент және ғылым" атты студенттік конференциясы өтті, онда мен құттықтау сөзімді айтып, "Жалпы және клиникалық фармакология. Химиялық, биохимиялық ғылымдар және зертханалық диагностика" бөлімінде қазылар алқасы ретінде қатыстым.

"Семей медицина университеті" КЕАҚ-ның басшылығы өз Алғыс хатында белсенді ынтымақтастық, оқу үрдісіне және ЖОО Фармация мектебінің ғылыми-зерттеу қызметі үшін оқытудың белсенді әдістерін дамыту және енгізгені үшін зор алғысы мен ризашылығын білдірді.

ОҚМА фармакогнозия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к. Ж.С.Тоқсанбаева

09.12.2019, 11:20
242 қаралым