«Фармациядағы теория мен практиканы біріктіру» атты халықаралық әдістемелік конференция

31 қазанда Ұйым және Фармацевтикалық істі басқару кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы білім алушылардың өндірістік практикадан өту қорытындыларына арналған «Фармациядағы теория мен практиканы біріктіру» атты халықаралық әдістемелік конференция өткізді.

Конференцияны оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Анартаева Мария Уласбекқызы салтанатты түрде ашты.
Шетелдік әріптестер құттықтау сөз сөйледі:
Ибрагимова Гузаль Яруловна Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің медициналық және фармацевтикалық тауартану курсымен фармацияны басқару және экономика кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор; Дооталиева Сайрагүл Чинибекқызы - Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының фармацевтика факультетінің деканы, Хуткина Галина Александровна - Витебск мемлекеттік медицина университетінің біліктілікті арттыру факультетінің фармация басқару және экономика кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Конференция барысында қатысушылар тәжірибе базасында алған білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Сондай-ақ практикалық фармация қызметкерлері, фармацевтикалық ұйымның басшылары мен мамандары медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы Л.Р. Кашкинбаева;
Аудекова Т.Р. - «Зерде-фарма» ЖШС персоналды оқыту жөніндегі директорының орынбасары;
Әлжанова Х.Д. - «Даму» фармацевтикалық ұйымдарын қолдау қауымдастығының директоры.
Өндірістік-әдістемелік конференцияға қатысу білім алушылар мен мамандарға өз идеяларын талқылауға және білім алушыларды сауалнама арқылы кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Бұл фармацевтикалық білім беруде теория мен практиканы біріктіру үдерісіне ықпал етеді.

03.11.2023, 12:07
456 қаралым