Фармация және медицина бойынша магистранттар ОҚМА білім беру үрдісіндегі болашақ тенденциялармен танысты

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Ғылымы онкүндігінің үшінші күні ЖООКБ-да фармация және медицина бойынша оқитын магистранттарға арналды.
Кездесуге екі басқарманың бастамасы бойынша бірінші проректор, профессор М.М. Есіркепов шақырылды, ол жас ғалымдарды Испания, Чехия, Иран, Польша, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты әріптес жоғары оқу орындарымен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы хабардар етті. Олармен шарттарға қол қойылды, тағылымдамалар, өндірістік практикадан өту, тәжірибе алмасу нысандары кеңейтілуде.

Сәуір айының маңызды іс-шараларының бірі Шымкент қаласында 1000 төсектік консультациялық-диагностикалық орталығы бар көп бейінді университеттік клиника құрылысының басталуы болады. Нысан үш-төрт жылдан кейін іске қосылады және Академияға медициналық мамандар қажеттігі туындайтыны белгілі. Сондықтан бүгінде магистранттар мен докторанттар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Магистратураны бітіргеннен кейін тілек білдірушілер шетелде 6 айлық курстарда оқуға мүмкіндігі бар, ол үшін ағылшын тілін міндетті түрде білуі, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Бүгінгі таңда академия бұл бағытта жұмыс жасауда, АҚШ, Канада және басқа елдердегі университеттер қарастырылуда.

Негізгі мәселе оқу, тұру және басқа да төлем болып қала береді.
Бірінші проректор М.М. Есіркепов магистранттарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

14.04.2022, 16:21
414 қаралым