Фармация саласының қазіргі жағдайы: мәселелер мен перспективалар

Ташкент фармацевтикалық институты ұйымдастырған IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға академияның жетекші оқытушылары қатысты.

Пленарлық отырыста Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор И.А. Наркевичтің РНҚ препараттарының тасымалдағыш жүйесін жасау туралы баяндамасы тыңдалды. Эге университетінің фармацевтика факультеті аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі Dilşat Ariksoysal профессорының электрохимиялық ДНҚ биосенсорлары және оларды фармацияда қолдану бойынша баяндамасы өзекті болды. Халлим университеті медицина колледжінің фармакология кафедрасының профессоры Sung-Oh Huh Өзбекстан мен Корей фармацевтикалық зерттеушілері арасындағы ұлттық қаржыландыру жүйесін, жаңа дәрі-дәрмектерді жасауды түсіну арқылы бірлескен зерттеуге жәрдемдесу туралы баяндамасы үлкен қызығушылықпен тыңдалды.

"Фармакология және клиникалық фармация" секциялық отырысында фармакология, клиникалық фармакология және фармакотерапия кафедрасының меңгерушісі, асс. профессор Ж.С. Тоқсанбаева гепатопротекторлық қасиеттері бар жаңа өсімдік композицияларын жасау туралы баяндады. Ал, асс. профессор А.Г. Ибрагимованың баяндамасы біліктілік деңгейлеріне сәйкес фармацевтикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларында клиникалық фармацевт кадрларын даярлаудың заманауи тәсілдері туралы болды.

Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, асс. профессор К.К. Орынбасарова "Дәрілік заттардың сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау" секциясында Қасқасу базасындағы дәрілік өсімдік шикізатын өсіру тәжірибесімен және Түркістан облысы жағдайында мәдени өсірілген шөп фенугрек тұқымының тауарлық зерттеуімен бөлісті. Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті А.Д. Серікбаева биологиялық материалдан оқшауланған ацетамипридтің химия-токсикологиялық талдауы бойынша эксперименттік деректерінің нәтижелерін баяндады.

Жалпы, конференция жұмысы өте қарқынды болды, талқылауға арналған мәселелер және қойылған сұрақтарға жауаптар өзекті болды.
Конференцияға қатысушылар мұндай кездесулер тәжірибе алмасу үшін ғана емес, фармация саласындағы бірлескен жоспарларды жасау және ғылым мен білім беруді дамытудағы жалпы басым бағыттарды айқындау үшін де қажет екенін атап өтті.

03.11.2023, 11:44
499 қаралым