Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықтайды!

2022 жылдың 18 наурыз күні Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында "Фармация" мамандығының декан м.а. доцент, PhD доктор Умурзахова Г.Ж.,4 курс білім алушылары мен ФІҰБ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі өтті.

Кафедра меңгерушісі, профессор Шертаева К.Д. барша әріптестерді айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып, адами бақыт, шығармашылық табыс, істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетін білдірді!

Профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылар мерекеге арнайы дайындаған дастарханнан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Баршаңызды «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

29.03.2022, 12:21
457 қаралым