ФАРМАЦИЯ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫНДА ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде «Ғылымды, техниканы және инновацияларды дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптар мен ұлттық мүдделерге сәйкес айқындаймыз» деп атап өткен. Қазақстан Ғылым күні аясында «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында бірқатар іс-шаралар өткізілді. 13 сәуірде кафедрада ғылыми конференция өтті, оған кафедраның ПОҚ, студенттер, магистранттар, докторанттар қатысты. Екінші оқу жылының магистранттары ғылыми баяндамалар жасады, олар жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде фармацевтикалық қызметтің әртүрлі аспектілерін жетілдіру мәселелеріне қатысты өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Баяндамалардың тақырыбы өзекті болды және аудиторияның қызығушылығын тудырды. Қатысушылар қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.
14 сәуірде білім алушылар мен ПОҚ ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтті. Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы студенттердің, магистранттардың және докторанттардың маркетингтік зерттеулері саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің жетістіктері мен нәтижелерін ұсынды.
Аудитория үшін ең қызықтысы Форсайт менеджментке арналған докторлық диссертация негізінде фармацевтикалық кластер шеңберінде орындалатын жұмыстар, сондай-ақ дәрілік өсімдіктер нарығын маркетингтік зерттеуі бойынша студенттік ғылыми жобалар ұсынылды. Осы ғылыми бағыттарды іске асыру Оңтүстік Қазақстан медициналық-фармацевтикалық кластерін дамытуға, білім алушылардың зерттеу дағдылары мен командада жұмыс істеу дағдыларын игеруіне, теория, ғылым және практика байланысына ықпал ететін болады.