«Фармация» факультеті деканатының 4-курс білім алушыларымен білім алушылардың аралық тәуелсіз білімді бағалауға дайындығы жайында жиналысы
Қыркүйектің 28-күні 2023 ж. сағ. 16:30 «ОҚМА» АҚ-ң үлкен акт залында «Фармация» ББ 4-курс білім алушыларымен «Фармация» факультеті деканатының қызметкерлерімен жиналыс ұйымдастырылды. Өткізілген жиналыстың мақсаты білім алушылардың алдағы пилоттық режимдегі тәуелсіз бағалауын ұйымдастыру дайындық жұмыстары жайында болды. «Фармация» факультеті деканы Умурзахова Г.Ж., декан орынбасары Сапақбай М.М., тәуелсіз бағалаудың пилоттық режимінің жауапкершілігі мол екенін атай кетіп, білім алушыларға дайындықты күшейту керек екенін, кафедраларға кеңес өткізу уақытына 100% толық қатысу керек екенін ескертті. «Фармация» ББ 4 - курс білім алушыларына жауапты аға әдіскер Дүйсебаева Г.Н. білім алушылардың өткен жылғы игерген білімдерін қайталауды сонымен қатар алдағы білімді игеру сапасын кезең-кезеңімен бақылау тестін тапсыру қажеттігін де атап өтті.