Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында дуалды – білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру құралдарының бірі ретінде

ФІҰБ кафедрасында қолданылатын дуалды оқыту жүйесі "Фармациядағы тиімді коммуникация" пәні бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу және оқу нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында кафедра мен дәріхана ұйымдарының өзара іс-қимылына негізделген. «Фармация» мамандығының 2 курс білім алушыларына тақырып бойынша практикалық сабақтар: «Фармацевтің фармацевтикалық қызметті тұтынушыға, оның жеке қасиеттеріне, жасына және ауру түріне байланысты қатынасын қалыптастыруы" "Зерде фарм", "Еврофарма", "Мұрат фарм", "Садыхан" дәріханаларының базаларында өтті.

В-ФКАБ-01-20 тобының білім алушылары дәріхана пациентіне кәсіби фармацевтикалық кеңес беру жұмыстарымен танысты . Сондай-ақ, дәріхана пациентінің менталитетінің ерекшеліктерін, жасына және ауруына байланысты фармацевттің науқасқа деген көзқарасын зерттеді. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерімен танысты. Фармацевтер, дәрігерлер және фармацевтикалық қызметтерді тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасты құрудың тиімді тәсілдерін игерді.

01.03.2024, 11:13
310 қаралым