Фармацевтикалық кадрларды дайындау процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу мүмкіндігі мен перспективалары

Осы жылдың 22 қыркүйегінде ОҚМА профессор-оқытушылар құрамы И.М.Сеченов атындағы МММУ А.П.Нелюбин атындағы фармация Институты ұйымдастырған «Фармацевтикалық кадрларды дайындау процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу мүмкіндігі мен перспективалары» халықаралық Бүкілресейлік конференцияға қатысты.

Конференция мақсаты білім алушылардың тәжірибелік дайындық сапасын тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту болып табылды.
Форумда орта және жоғары буынды фармацевтикалық кадрлар дайындаудың келесі өзекті сұрақтары талқыланды:

•  Провизорлар мен фармацевттер дайындаудың оқу үдерісіндегі WorldSkills стандарттары элементтерін имплементациялау.
•  Фармацевтика маманының кәсіби траекториясын қалыптастыруда студенттердің практикалық дайындық сапасын тәуелсіз бағалау.
•  Заманауи жағдайда Фармацевтика компетенциясын дамыту.
•  Фармацевтикалық білім берудегі демонстрациялық емтихан білім алушыларды аттестациялау формасы ретінде.
•  WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу үшін фармацевтикалық маманның жаңа құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктері.

Ресейдің жоғары және орта фармацевтикалық білім беру саласныда WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарды, олимпиадаларды, кәсіби шеберлік жарыстарын өткізуде белгілі бір тәжірибеге ие. Мұндай іс-шаралардың оқу орындары үшін де, білім алушылар мен жұмыс берушілер үшін де маңыздылығы жоғары, оның ішінде ең маңыздысы фармацевтика саласы үшін заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін сауатты мамандарды даярлау перспективасы болып табылады.

26.09.2022, 17:08
776 қаралым