Фармацевтикалық экологияның өзекті мәселелері
Осы жылдың 17 қарашасы күні Сеченов университетінің А.П.Нелюбин атындағы фармация Институты (Мәскеу, РФ) ұйымдастыруымен «Заманауи өмірдегі экотоксиканттарды зерттеудегі интеграциялық байланыстар. Кадрларды дайындау қажеттіліктері» атты халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияны Сеченов университеті фармация Институтының директоры, профессор Г.В.Раменская және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К.Ордабаева ашып беріп, экологиялық мәселелердің өзектілігін және фармацевтикалық экология саласында құзыретті мамандарды даярлау керектігін атап өтті.
Конференцияға Ресей федерациясының фармацевтикалық кәсіпорындарының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология мамандары, Сеченов университеті мен Академияның қызметкерлері, жас ғалымдары мен студенттері қатысты.
Профессор С.К.Ордабаеваның баяндамасы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының қызығушылығын танытатын экологиялық білім беру мәселелеріне, білім беру бағдарламаларының мәселелері мен перспективаларына арналды.
Академияның гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, доцент П.Д.Утепов баяндамасын Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ауыл шаруашылығы жерлерінің ластануын экологиялық-гигиеналық бағалауға арнады, осы мәселе бойынша жан-жақты ақпарат берді.
Фармацевтикалық экология бойынша білім беру бағдарламасы Ресей федерациясының оқу орындарында фармацевттерді даярлау бағдарламасына енгізілді, А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қызметкерлері осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті. Сеченов университеті жас ғалымдарының баяндамалары табиғаты бейорганикалық және органикалық әртүрлі экотоксиканттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығының әсер етуіне арналды.
Біздің елдегі қарқынды дамып келе жатқан фармацевтикалық өнеркәсіптің фармацевтикалық экологиясының мәселелері, қоршаған орта экологиясы және табиғатты пайдалану, сонымен қатар қазіргі әлемдегі экологиялық білім тұрақты дамудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын ескере отырып, конференция тыңдаушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.