ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Ғылыми зерттеулердің өзектілігін және фармацевтикалық экология саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігін ескере отырып, біздің Академия мен И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Сеченов университеті) қызметкерлері мен 2021 жылы ғылыми-педагогикалық магистратура деңгейінде «Фармацевтикалық экология» бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірленді. Білім беру бағдарламасына оқу процесінің өзі, педагогикалық тәжірибе, екі жоғары оқу орны базасында ғылыми тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны қорғау кіреді.
Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша 5 магистрант оқып жатыр, оның ішінде 2 магистрант Сеченов университетінің А.П.Нелюбин атындағы фармация Институты жанындағы аттестациялық комиссия мәжілісінде магистрлік диссертацияларын сәтті қорғады.

Фармацевтикалық экология қолданбалы экологияның бір бөлігі болып табылады және дәрілік заттардың айналымы саласындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және фармацевтикалық қызмет процесінде туындайтын мәселелерді шешуге арналған.
Академия магистранты Нұрсұлтанқызы М. Шымкент қаласындағы су көздерінен алынған су сынамаларының сапасына дәрілік заттар қалдықтарының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Бұл зерттеулердің алдында зерттелетін объектілердегі дәрілік заттарды оқшаулап алу, анықтау және олардың сандық мөлшерін анықтаудың сенімді әдістерін жасау үшін көптеген ізденістер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері ЖАК басылымдарында жарияланып, өнертабысқа өтінім беріліп, авторлық куәліктер алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасады.

Қоршаған ортаның дәрілік ластануының ең ықтимал және негізгі көздерінің бірі фармацевтикалық өндіріс болып табылады (ағынды суларды тазарту жеткіліксіз, төтенше жағдайлар және т.б.). Сеченов университет магистранты Маркина Е.-ның диссертациялық жұмысы нейролептиктер тобының дәрілік препараттарын өндірудегі экологиялық қауіпсіздікті бағалау тәсілдерін әзірлеуге арналған.
Медициналық және дәріхана мекемелері (медициналық қалдықтар дұрыс пайдаланылмаса), сондай-ақ жаңа дәрі-дәрмектер жасалатын және зерттелетін ғылыми орталықтарда да проблемалар аз емес. Ауыл шаруашылығы мал және құс шаруашылығы үшін дәрі-дәрмектің белсенді тұтынушысы ретінде дәрілік заттармен ластану мәселесін еселей түсуде. Әрине, адамның өзі ағзадан кейбір дәрілерді және олардың метаболиттерін шығарып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілерді, қолданылған шприцтерді, ампулаларды және т.б. қоқысқа тастау арқылы қоршаған ортаның дәрілік заттармен ластануына ықпал етеді.

Дәрілік заттардың қоршаған ортаға бақылаусыз шығарылуы биота мен адамға теріс әсер етуі мүмкін. Осының барлығы қоршаған ортаның ластануын зерттеудің жаңа бағыты – фармацевтикалық экология дамуына серпін береді.
Осыған байланысты фармацевтикалық экология мамандарын дайындау өзекті болып табылады, олардың алдында адам денсаулығы мен өмір сүру сапасын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу, ғылыми зерттеулерін және қоршаған ортаның практикалық мониторингін жүргізу міндеті тұр.

Диссертациялық жұмыстарын магистранттар Сеченов университетінде қорғап, нәтижесінде «Фармацевтикалық экология» саласының магистры атағын алды. Актуалды және перспективті екі-дипломды білім беру бағдарламасын жасап, еңгізген Сеченов университеті А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының және ОҚМА қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

09.07.2024, 12:16
1052 қаралым