Европалық деңгейдегі өндірістік тәжірибе
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының студенттері «Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау» кезекті өндірістік тәжірибесін 12.05. - 26.05.2015. аралығында Чех Республикасы, Брно қаласындағы ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар Университетінің дәрілер химиясы кафедрасында өткізіп қайтты.
Тәжірибені алдыңғы қатарлы европалық жоғары оқу орындарының бірінде өткізу құқы фармацевтика факультетінің 4 курс студенттері Каримова Асел мен Ермекова Ақботаға берілді. Студенттерді таңдау барысында олардың ағылшын тілін еркін меңгеруі ғана емес, сонымен бірге студенттердің фармацевтикалық химиядан өте жоғары үлгерімдері мен ғылыми зерттеулер жүргізудегі дағдылары да ескерілді.
Студенттер дәрілік заттар сапасын бақылау саласындағы нормативті құжаттармен танысты. Оның ішінде, Чех Республикасының ұлттық фармакопеясы (PHARMACOPOEA BOHEMICA, 2009), сонымен бірге, фармацевтикалық кәсіпорындардың фармакопеялық мақалалары.
«Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесінің бағдарламасына сай тәжірибешілер дәрілік заттардың фармацевтикалық талдаулары бойынша жұмыстарды орындады. Оның ішінде физикалық, химиялық және физика-химиялық талдаудың жалпы фармакопеялық әдістері: спектрдің УК және көрінетін аймағындағы спектрофотометрия, титриметрия, электрофорез, жұқа қабатты және жоғары эффективті сұйықтық хроматография және т.б.
Дәрілік субстанциялар мен дәрілік түрлердің фармакопеялық талдауын нормативті құжаттарға сай жүргізді.
Студенттер кафедраның алдыңғы қатарлы профессор-оқытушылар құрамының дәрістері мен мастер-кластарына қатысты:
1. Потенциалды дәрілік заттар мен қосалқы заттарды іздестіру және жасау, сонымен бірге, олардың аналитикалық бағалануы (микробқа қарсы белсенділік көрсететін гетероциклді қосылыстар, фотосинтездің потенциалды ингибиторлары).
2. Потенциалды дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және олардың полиморфизмі.
3. Нанобөлшектердің биожетімділігін in vitro зерттеу.
Дәрілік заттардың фармацевтикалық өндірісі мен олардың сапасын бақылау саласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған ВФУ базалық және профильді кафедраларымен: аналитикалық химия, табиғи дәрілік заттардың органикалық химиясы, молекулярлы биология және фармацевтикалық биотехнология т.б. танысу студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Студенттер қатерлі ісікке қарсы препараттар өндіретін «Онкомед» фармацевтикалық зауытында болып, материалдар дайындаудан бастап маркирлеуге дейінгі өндірістің барлық кезеңдерімен танысты.
«Дәрілік заттар сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесі студенттерге теориялық білімдерін жетілдіріп, ары қарай физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау саласындағы практикалық дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.
Студенттер академия басшылығына өндірістік тәжірибені европаның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірінде өткізуге мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдіреді.