«Эврика» үйірмесінің «Жастарға арналған мүмкіндіктер» тақырыбында студенттермен сұқбат

25.02.2022 жылы 12:00-де Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедралары, «Эврика» үйірмесінің мүшелерімен, «Даму», «Атамекен» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары және Студенттер кәсіподағының төрайымы: Байымбетова Б.С., «Даму» қорының бас маманы Исаков Сабыржан мырзаның қатысуымен студенттермен сұқбат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Еліміздегі жастарға арналған заман талабына, ең бастысы жастардың сұранысына сай мүмкіндіктермен таныстыру және насихаттау, еліміздегі жастарды орта және шағын бизнеске баулу
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Эврика» үйірмесінің жоспарына сәйкес, Студенттер кәсіподағының төрайымы: Байымбетова Б.С., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедраларының ұйымдастыруымен өткізілген «Жастарға арналған мүмкіндіктер» тақырыбы аясында білім алушылармен өткен сұқбат барысында еліміздегі жастарды мемлекеттік қолдау мәселелері, халықаралық мүмкіндіктер, үй-жай, жастар кәсіпкерлігі, жұмысқа орналасу, денсаулық мәселелері, қаржылық сауаттарын арттыруға қатысты мүмкіндіктер жайлы біршама ақпараттар айтылды. «Даму» қорының бас маманы Исаков Сабыржан мырза қоғамдағы жастарға бизнес жасауға көптеген мүмкіндер бар екенін атап өтті. «Даму» қорынан бизнес бастауға көптеген жеңілдетілген несиелер бар екендігі туралы айтты. Осы уақытқа дейін жастарға жасалынып келе жатқан мүмкіндіктер толассыз. Әлеуметтік-экономикалық немесе тұрмыстық бағыттардағы жобалар да жетерлік. Әйтсе де, жастардың сапалы әрі қолжетімді білім алуы, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, тұрғын үй мәселесі басты назарда болуы тиіс екендігі туралы айтты. Жастар еліміздің негізгі драйвері, демократиялық жаңарудың негізін салушы қозғаушы күші деп қорытындылады.

03.03.2022, 21:35
550 қаралым