«EUROPHARMA» ФАРМКОМПАНИЯСЫ АКАДЕМИЯ СТУДЕТТЕРІНЕ ШӘКІРТ АҚЫ ТАҒАЙЫНДАДЫ

1352 1

03.04.2019 жылы «Europharma» фармацевтикалық компаниясының атаулы шәкіртақы байқауына қатысуға ықылас білдірген фармация факультетінің 5 үздік студенттеріне сертификаттар тапсыру рәсімі өтті. Іріктеу екі кезеңнен тұрды: тестілеу және сұқбаттасу. Бірінші кезеңнен кейін 38 адамнан 8 үміткер таңдап алынды. Сұқбаттасудан қорытындысы бойынша Онлас Айдана, Арзыкулова Айдана, Анвар Ардак, Диларам Алимжанова, Балымша Атем, Алима Смадиярға (медколледж) ай сайын 15 мың теңге шәкіртақы тағайындалды. 

1352 2

Іс шараны "Europharma" ЖШС-нің қаржы директоры Қазым Ермек Асқарұлы ашты, ол бұл акция тек қана ғылыммен ғана емес, сонымен қатар белсенді қоғамдық жұмысқа атсалысатын талантты жастарды қолдау мақсатында жүргізілгенін атап көрсетті. «Біз, өз кезегімізде Сіздерді адамдардың денсаулығы мен амандығындығын ойлайтын біздің компанияның ғылыми зерттеулеріне қатыстырамыз. Келесі оқу жылында шәкіртақы алушылардың қатары көп болады және жаңа перспективалық идеялар енгізетін талантты мамандармен толықтырылады деп сенеміз», деп Е. Казым өз сөздерін қорындылады. 

1352 3

"Europharma» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы филиалының директорыда құттықтау сөздерін айтып, шәкіртақы мемлекетіміздің болашақ интеллектуалды және іскер элитасын қолдауға бағытталғанын атап өтті. 

1352 4

ОҚМА Оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор М.У. Анартаева озат оқу, белсенді өмірлік позиция, факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуы - ол мамандық бойынша мықты білімнің кепілі екенін баса айтты.

1352 5

«Даму» ОҚО медициналық және фармацевтикалық мекемелер ассоциациясының директоры Х.Д.Альжанова, академияның фармация факультеті түлектерінің Қазақстанның барлық жерінде сұранысқа ие екенін және де қазіргі таңда фармацевтикалық өндіріс еліміздің серпінді дамып жатқан сала екенін атап көрсетті. 

1352 6

Іс шараға сонымен қатар "Europharma" ЖШС-нің HR департаментінің менеджері М.А.Ниязалиева, фармации факультетінің деканы К.Н.Дауренбеков, фармация факультетінің кафедра меңгерушілері қатысты.

11.04.2019, 23:29
331 қаралым