Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күніне» орай Жастар ресурстық орталығында мерекелік іс-шара өтті. Қадірлі қонақ ретінде тыл ардагерлері шақыртылып, сыйлықтар табысталды.
ОҚМА ректоры, профессор М.Рысбеков іс-шараны ашып беріп, ұжымдастарға бейбіт өмір тіледі.
Әскери кафедра жетекшісі, полковник С.Мырзалиев баяндама жасап, жоғарыда аталған мереке күндерінің маңызы мен тарихына тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол өз сөзінде 1945 жылғы 9 мамырдан бері көп уақыт өткенін, бірақ біз жеңімпаздың есімі - ұлдары мен қыздары өз өмірін ұлы жері үшін берген халық екенін білеміз және есте сақтаймыз деп айтып өтті.
Дәрілер технологиясы, Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедраларының дайындауымен көрермендерге ашық аспан мен жердегі бейбіт өмірді бейнелеген ленталар таратылды.
Белсенді студенттердің орындауында ҚР Қарулы күштері, Ұлы Отан соғысы мен батырлары жайында көріністер қойылып, әндер шырқалып, бейнебаяндар көрсетілді.
Біз әрқашан ұлы оқиғалар туралы естеліктерді жүрегімізде сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз. Біздің жүректерімізде Жеңіс жарығы сөнбейтін болады. Ата-бабаларымыз алып берген бейбіт өмір ешқашан бітпесін! Жеңіс мерекесі бітпесін!