«Ерте жүктіліктің алдын алу»
Жасөспірімдер арасында қыз баланың тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты ұлт тағдыры болашақ тағдырының қамын түсіндіре отырып, қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңес беру мақсатында, 2023 жылдың 30 қараша күні колледжіміздің 5 ғимаратында «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында қыздар арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың» кафедрасының дәрігер резиденттері К.С. Керімбай., М.Ғ. Жаппарова., Ш.М. Оңғар., М.А. Мирзаева., Г.Ж. Керманшаева., А.Б. Жусуповалар қатысып, Ерте жастағы жүктілік оның алдын алу жолдары сонымен қатар қоғамда болып жатқан қыз балалар арасындағы кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігі жөнінде қазақ және орыс тілдерінде 1-2 курс студенттеріне слайд, видео көрсету арқылы тақырыпты дәрігер мамандар тереңінен түсіндірді.
Жиналыстың мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу бұл біздің әдет-ғұрпымызға сонымен қатар салт-дәстүрімізге жат қылық екені келешекте қоғам алдында қыз баласының бұл іс - әрекеті дұрыс емес екенін бойына сіңіре отырып, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын жастарға түсіндірді. Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екендігін ескертті. Жиналыс барысында Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу? Ерте жүктіліктің қауіп-қатері? Отбасын жоспарлау? Ерте жүктілік немен қауіпті?- деген сауал төңірегінде ой қозғалып, студент жас қыздармен маңызды сұрақ-жауап арқылы пікір алмасты.Сонымен қатар мамандар студент қыздарымыздың жеке сұрақтарына да жауап берді.